Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

ЖҰМЫСТА

S5002171a

Сонымен,жұмысым жайлы жазайын…Жарнама агенттігін басқарамын,осы ұжымда 8 жыл еңбек етемін. Жалпы,мамандығым сауда саласындағы менеджер(өнеркәсіптік тауарладың саудасын ұйымдастырушы деп аталған ол кезде). 1982 жылы мектепті алтын медальға бітірдім,сол жылы Республикалық химия олимпиадасында 2 орын алып,химия саласында Совет одағының кез-келген оқу орнына емтихансыз оқуға түсуге мүмкіндік алдым. Бірақ кім боламын деген сұрақ мені емес,менің апа,ағаларымды көбірек ойландырды. Қазіргі жастар түсінбейді, сол жылдары ,ақшаң бола тұрып,жақсы киім,аяқ киім не мебель алу дегеннің қиындығын. Соны меңзегеннен бе, барлығы маған Қарағанды кооперативтік институтына бар деді. Тіл алғыш мен, барып химияны беске тапсырып түсіп,сол оқу орнын қызыл дипломға аяқтадым.
Алған мамандығым маған келмейтіні бірден аян болды.Сауда саласында істейтін адамдардың менталитеті мен өмірге көзқарастары маған ұнамады, бірақ сол салада 12 жыл еңбек еттім.
Ал қазіргі жұмысым өзіме ұнайды. Теле,радио,газеттегі реклама, баннер жасау… Өскеменнің 50 пайызын танимын десем,артық айтқаным емес.Нағыз жаңаша жұмыс ,креативті және қолма-қол шешілетін…Кейде жастар жұмысқа орналасуға келеді,әкелері сатып берген машинамен,киген киімдері қымбаттық бутиктардан…Түк істемей ақша тапқысы келетіндер.Оларға айтамын: бұл жұмыс табандылықты,еңбекқорлықты,тәртіпті талап етеді деп.Көбіне қыздар еңбек етеді, көптен істейтіндер 1000-1200 доллар алса,жаңадан келгендер 100-150-ақ доллар табады.Бірақ менеджер болып істеген жастар тез шыңдалады,қандай адаммен қалай сөйлесу керек,қалай киініп,қалай жүру керек екенін тез түсініп,көшке ере алғандар, қалады да,еріншектер шыдамайды.
Мысалы бір жағдай. Мен бір үлкен дүкендер жүйесінің иесін,кәрі еврейді 2 жыл бойы жарнама жасауға шақырдым.Басында барғанда дұрыс сөйлеспей,прайсымды алды да, шығарып салды. Мен 1 айдан кейін телефон соғып едім, қажет емес деп жауап берді.Сосын мерекелермен құттықтап жүрдім.Ақыры мен телефон соқпасам,өзі соғатынды шығарды.Осы жылдың басында біздің агентстваға 1 миллион теңгеден артық бағаға жарнама қоюға келіссөзге қол қойды.Бұл енді менің үлкен жетістігім екенін айтып қажеті жоқ шығар. Міне,жұмысым осындай!

Маусым 30, 2009 Жазған: bahtgul65 | 1 | | 18 Пікір

МАЛИКА

Изображение 096ф

Малика-менің көзімді ашып көрген, аузымды ашып сүйген тұңғышым.Менің қуанышым мен мақтанышым.Қазір 18-де,бірақ ерте есейді,жанұямызда бір мәселе шешу керек болса,онымен ақылдасып,айтқанына құлақ асамыз.Ағылышын тілін оқытатын арнайы мектепті экстернмен бітіріп,Қытайда бір жыл тіл үйреніп келді.Қазақша сайттарда отырып,қазақша жазып үйреніп алды. Алғыр. Бірақ,қазақша сөйлегенін естісеңіз,күлесіз…ағылышынша акцентпен сөйлейді. IMG_8849-1

Спорттық бимен 12 жыл айналысады.Облыс чемпионы,Республикалық сайыстардың жеңімпазы,Қытай чемпионатының күміс жүлдегері.Унмверситетте оқуымен қатар,тренер болып өз клубында жұмыс істейді.
*Таудай талап бергенше,бармақтай бақ берсін* дейді қазақ,Маликамның жолы ақ болып,жетістіктерге жете берсе екен….

Маусым 29, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт, қуаныш | | 12 Пікір

АЙДАНА ТУРАЛЫ

IMG_1153ф

Халқымызда бір әдемі мақал бар,*Бала көңілдің гүлі,көздің нұры*деген. Менің Айданам біз қалаға көшіп келгеннен кейін дүниеге келді.Бірнеше рет УЗИға барғанда ,қытай,халық календарьларымен санағанда ұл бала болады деген еді.Қыз болды,өзіміздің Айдана!
Мен екі қызымды салыстырамын да,таң қаламын! Екеуі екі бөлек!Үлкенім-пысық,еңбекқор,жаңашыл,өзі дұрыс деп санаса,ешкімге дес бермейді. Ал Айдана ерке болған соң ба…оған бәрібір.Не берсең киеді,не пісірсең ішеді,барлық адам оған дос,1 жастан бастап 20 жастағы адаммен де бірден тіл табысады,біреу былай қате десе ,олай істемейді. Бір сөзбен айтқанда амбиция деген жоқ, лидер емес,ілбіп елдің соңында жүретін…Мен мектептегі психологқа да бардым,неге ол ештемеге ұмтылмайды,түкпен айналысқысы келмейді деп….Басында спорттық биге бердім,ұнамады. Сурет жақсы салады, көркем мектепке бердім,барғысы келмеді де тастап кетті.Акробатикаға барамын деген соң, бәрін тастап,сонда апардым.Дауысы да жап-жақсы, гитараға бердім, музыкалық мектепке. Сонда да *оянбады*.
Бірде теледидар көріп отырсақ,мода көрсетіп жатыр екен…қызым бірінші рет:*Мама ,мен осы қыздар сияқты подиумда жүргім келеді*дегені. Ертеңінде,*Флер* модельдік агентствосына звондап ,Айдананы жаздым.Содан бастап қызым өзгерді.Жүрісінде де бір әдемілік пайда болды,бұрынғыдай киімді де қалай болса солай кигенді қойып,талғап киетін болды(оларда сценическое мастерство,подбор одежды деген сабақтар өтеді),тіпті біздің столдағы алапес скатертьті алғызып,ағын жапқызды.Столға сервировка жасайтын болды. *Этикет* деген сабақта үйренгендерінің барлығын үйде бізге үйрететін болды.Шынымен білмейтініміз көп екен…
Ал жақында *Жұлдыздар* деген облыстық байқауда *Мисс Модель* деген атаққа ие болды.Бірден сабағы да жақсарды,сыныпта да беделі өсті,жақын достар пайда болды.Сүйтіп,ұзақ уақыт *ұйқыда* болған біздің кішкене Айданамыз *оянды*.

Маусым 29, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт | | 7 Пікір

МЕНІҢ ЖАНҰЯМ….

IMG_1174

Өзім туралы жазбақ болып отырдым да…ол райымнан қайттым. Асқар таудай,өмірдің қызығы мен шыжығында да жанымыз бір, жолдасым Жакежан,өмірімнің гүдері екі қызым,екі құлыншақтарымсыз мен кіммін деген ой келді.Біреуден ілгері,біреуден кейін өмір сүріп,ағарып алдыға түспей,қарайып артта қалмай жүрген жандармыз.Абай атамыз айтқандай: *Адамның бір қызығы бала деген…* Қыздарымыз өсіп, ержетіп,заманымызға сай білім алып, біз жетпеген жетістіктерге жетсе,жақсы отау құрып,ел мақтаған келін аталса,үлкенді сыйлап, кішіге апа болса,менен бақытты адам болмас еді. Иншаллаһ,оны да көрерміз.Айтайын деген ойым көп-ақ еді…тіл жетпейді. IMG_7198

Маусым 23, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт | | 8 Пікір

АНАММЕН….

дом 037.jpga

Кеше анамды ауылдан бір мерейтойға алып келдік…ақырғы кезде кәртейіп кетті.Той болып жатқан ресторанға келіп,машинадан түскен соң,қызым екеуміз екі жағынан демей беріп едік:*Біреуің ғана болысыңдаршы,жас кезімде өстіп шоқалақтап,екі жағынан екі кісі болысып,сонда да әзер жүретін кемпірлер неге үйінде отырмайды екен деп ойлаушы едім* деп бізді бір күлдіріп алды.Екінші қабатқа көтерілгенше ентігіп қалды.Үлкен әулеттің ең сыйлы кісісі ғой,бірінші сөз анама берілді.Той екі тілде өтіп жатқан,әй білмеймін,кім түсінді,кім түсінбеді,ол кісінің айтқан әр сөзі 10 карат бриллианттан артық.Өскеменнің экс әкімі,менің ағам,Алматыдан,Астанадан қонақтар ертіп әкелген екен,сол кісілер келіп,анамның қолынан сүйіп,орнына апарып тастады.Біздің Өскеменде сөз құдіретін түсінетін кісі аз ғой,сол қынжылтады. Абайдың бір сөзі бар еді ғой:*Қайран сөзім қор болған,Тобықтының еліне* деген…
Менің анам,87 жаста,1922 жылы туған. Ал айын білмейді,*алғашқы қарда туыппын*деп…Менің туған күнім 6 ноябрь болғандықтан,екеуміз бірге тойлаймыз.*Саршаян* екені айдан анық,себебі ер мінезді,өз сөзінің иесі, ешбір қиындықтан қорықпайды,өжет…Бірде мен ауылға барып,үй бітпей жатыр,Жәкең командировкадан көзі ашылмайды,Маликаны Қытайға жіберуге мүмкіндік жоқ, жұмыста еңбекақы төлемейді, өз ісім де жүрмей жатыр деп тәтеме айта бастап едім,*қой,ондайыңды, бұдан да жаман күнде тойға барғанбыз,бұдан да жаман күнде,жоқ нәрсені бар қылғанбыз,көтер еңсеңді*деп,мені бір серпілтіп тастады.Ауылға бір барып келсем,1 аптаға заряд алып келемін осылай…080308 009.jpga

Маусым 23, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт | | 10 Пікір

Фариза апамыздың өлеңдерін жақсы көремін…

Ф.Оңғарсынова

Мүлт жібермейтін жанар жоқ,
қателеспейтін адам жоқ,
алай да түйлей тірлікте
жаңсақ баспауға шамаң жоқ.
Көл-көсір болма күндікке,
ерлердің көркі бірлікте,
жарасымы жарты жалғанда
жүйріктер аз да, шабан көп,
сұңғыла сирек, надан көп.
Сәулең болса санаңда
жаңсақ басқан жaндарға
шалқаңнан түсіп шамданба.
Еліне тұлға – жақсы адам
кешірімді келер басқадан
жағада жалғыз қалғанда.
Адамзат тылсым жолсызда,
шытырман тірлік онсыз да.
Кеңдік жоқ мынау әлемде,
қусырылып барады от жалған.
Көңілінде кеңдік жоқтардан
мейірім күтпе, нұр күтпе,
сыздатпай жанн ел мұңы.
қайырымы мен ерлігі
қара басынан аспаған.
Өркендер елдің баласы –
біріне-бірі жанашыр.
Кешіріп, қолдап бір-бірін,
қызғанбас болар күн нұрын.
Ел деген бұлғын ішіктің
бірі – жең, бірі – жағасы.
Өшетін елдің ұлдары
өз-өздерімен жауласар.
Келіспей жоқтан өзгеге
жағаларына жармасар.
Базарға айналар құндағы,
ыза-кек таудың тасқыны
ақыл-еменді құлатқан.
Ашу-сел жайсаң –жақсыны
жырақтатар елдік мұраттан.
Ез болса ері, ел құнсыз,
алаусыз болса, ер құнсыз.
Алшаңдап жүрген ерлерге
жайратып жауын тастарға
Күш қалмас, бірлік қашқанда,
жайлауын былған жат қарға

Маусым 23, 2009 Жазған: bahtgul65 | жалғыздық, махаббат, сезім | | No Comments Yet

ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ

1

Қазақи суреттер жинаймын,әсіресе қазақ батырлары мен қазақтың ұлттық киімін киген қыздардың суреттерін. Кейін де қоса жатармын. Алғашқысы осы.2

Маусым 19, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт | | 3 Пікір

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Қоғамның негізі-отбасылық өмір.Сол елді мекендейтін жанұялар мықты болса, мемлекет те мықты болады деп оқушы едік біздер, Кеңес Үкіметі кезінде пролетариат көсемі сөзін . Шынымен ұл ержетіп,қыз бойжетіп,заманына сай жанұя құрып,ата-аналарының салған дәстүрлі жолымен,шаңырақ көтеріп жатса,нұр үстіне нұр болар еді ғой.Құда түсіп, құйрық бауыр жесіп,жастарға заманына сай той жасап,немере сүйіп,мәре-сәре болып жатқанға жетер дүние бар ма??
Бірақ қазіргі заманда,кәрі қыз,сүр бойдақ болып,үйленбей қалған не сүйіп қосылған жарынан айырылып қалған жесір әйелдер қоғамымызда өте көп.Ары бармай-ақ қояйын,өз әулетімізде де ондай қыз,жігіттер баршылық. Қазақта *жеңгетайлық* деген бар ғой.Басында өз туыстарым жайлы ойлап, кім кіммен жарасып кетер екен,кімді кіммен таныстырса дұрыс болар еді деп,біраз *жеңгетайлықпен* айналасып жүрдім.Кейінірек, Майра есімді дос келіншек екеуміз ойланып-толғанып,осы мәселемен кеңірек,Республика көлемінде айналыссақ қалай болар екен деген ойға кеттік….Мына интернет дамыған заманда, талай жақсы іс тындырып,көп адамдардың сауабын алатынымызды да ойладық.*ШАҢЫРАҚ* деп аталатын неке агенттігін ашуды жөн көрдік. Біздің клиенттеріміз,30 дан асқан қыз бен жігіттер болады….
Өтініштерді қабылдау,қарау ережелерін кейінірек қосуды жөн көрдік.Пікірлеріңізді білдерсеңіздер екен…

Маусым 19, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт | | 15 Пікір

Алғашқы хат

Ғаламторда, әсіресе қазақ тілді форумдар мен блогтардың ашылғанына қуанып, оқып жүрсем де,өзім блог ашайын деген ой маған келмепті. Жақында бір үлкен іс бастамақ болып,көп ойланып-толғанып,тәуекелге бел байладым.

Маусым 4, 2009 Жазған: bahtgul65 | Бақыт | | 19 Пікір