“Алтайдың кербұғысы”,”Мұзтаудың мұзбалағы” атанған өзіміздің Ораш

Катонда, бір жиылыста мынандай сөз естідім:**: “Оралхан Бөкеев тіпті де өлмепті. Ол Кербұғыға айналып, Алтайдың құзар шыңдарын кезіп,сол жақты думандатып жүр екен” деген. Сол кезде тұла бойымды бір сезім баулап алды,біздің өңірде оны қаншалықты халық жақсы көріп,сағынып,жүректерінің бір бұрышында сақтайтынына көзім жетті.Асқар Алтай табиғатының сұлулығын, туған жерінің әр тал ағашын, әр тал жусанын,әр бұта – қарағанын, туған ауылының әр салада еңбек етіп жүрген қарапайым адамдарының тірліктерін Оралхандай сипаттаған адам жоқ шығар.Қара сөздің шебері,табиғи тума талант,Оралханның әр жазған шығармасы туған жерге деген махаббат пен сүйіспеншілікке толы.
Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық “Еңбек туы” газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық “Коммунизм туы” газетінде әдеби қызметкер болған.1968 жылы республикалық “Лениншіл жас” газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда “Жұлдыз” журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.
Шығармалары:”Мұзтау” повесі ,”Қар қызы”,”Атау кере”,”Жылымық”, “Жасын”, “Сайтан көпір”,”Мұзтау”, Ұйқым келмейді” ,”Бәрі де майдан” повесіжәне басқалары.
4 Пікір »
Пікір жазыңыз
-
Соңғы
-
Сілтемелер
-
Мұрағат
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
RSS жазулар
RSS пікірлер
туысыңыз бе еді?
“Жетім ботасы” қатты ұнады
Оралхан Бөкей менің суйікті жазушым. Әсіресе “Жетім бота”, “Атау кере” шығармалары қатты ұнайды.
Әңгімелерін айтсай)))