Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Алыс па екен Өскемен,жақын ба екен Өскемен…

Өскеменнің атын естігенмен,келіп,көріп жатқан жұрттың көп екеніне күмәнім бар. Сондықтан,сүйікті қалам туралы біраз ақпарат жазуды жөн көрдім….
символика1

Өскемен қаласы (291,5 мың адам) облыс орталығы. Кенді Алтайдың етегінде,Ертістің оң жағасында,Үлбі өзенінің оған құяр тұсына орналасқан. Аумағы 54,4 мың гектар. Климаты континентальды, қыста 45 градусқа төмендесе, жазда + 41 градусқа дейін көтеріледі. 2009 жылы тарихи іргетасының қалануына 289 жыл.Қала тарихынан…
1719 жыл… Бірінші Петр патша нұсқауымен Батыс Сібірге гвардия майоры И.М.Лихарев жіберілді. Ертісті жоғары қуалай мол алтын өндірілетін аймақ –аты шулы ” Еркет ” қаласына жол ізін салу керек болды. Лихарев бастаған экспедиция Зайсан көліне жетіп, Қара Ертіске таяғанда жоңғарлардың соққысына ұшырап кейін қайтады. Ақ Ертіспен пен Қара Ертістің түйіскен жерінен 1720 жылы алғашқы қазық қағылды. Олар оны – “Устье каменных гор” немесе “Тастақты таулар сағағы”- деп атады. Бұл солтүстік аудандағы ең ірі қамал болды. Кейіннен Сібір казак-орыс әскерлерінің орталығына айналды.
1868 жылы Өскемен бекінісі- қала статусын алды. ХХ ғасырдың басында қалада сауда және өнеркәсіп дамыды, теміржол мен пристань салынды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ауыр өнеркәсіп саласында жаңа комбинаттар жұмыс істей бастады. Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі алтын өндіретін бірден –бір орын.
1952 жылы Ертіс өзенінде Өскемен су электр станциясы, 1960 жылы Бұқтырма су электр станциясы салынды. Плотиналар салынғаннан кейін Ертісте Бұқтырма және Өскемен су қоймалары пайда болды.
Қазіргі Өскемен –түсті металлургия орталығы: қалада машина жасау, энергетика, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған.
Өскемен –үлкен мәдениет орталығы. Қалада кітапхана, тарихи-өлкетану және этнографиялық мұражайлары, Жамбыл атындағы орыс драма театры және қазақ труппасы, Халықтар достығы үйі , Спорт сарайы, екі стадион, 4 университет, Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының филиалдары, бірнеше колледждер бар. http://www.oskemen.kz0_a29d_ee917e05_LddP5190016_resize

Шілде 1, 2009 - Жазған: bahtgul65 | 1 | | 5 Пікір

5 Пікір »

  1. Бір күнні қазақ блогшылары жиылып, Өскеменге қонаққа барып қалып жүрмейік :)
    Мешіт әдемі екен. Күні кеше Синагога ашылды деген хабарды оқыдым. Мешіттен қашық па екен? Әдетте шіркеу мен мешітті бір көшенің бойына салатынын білемін, сосын ғой сұрап жатқаным.

    Comment жазған urimtal | Шілде 3, 2009 | Жауап

  2. Асхат,келіңдер!Құшақ жайып қарсы алар едім…

    Мұнда бұрын орыс,хохол болып жүрген жасырын еврейлер көп қой :) )). Құдайға шүкір,мешіттер Орталық алаңда орналасқан. Свято-Троицкий моностырь басқа көшеде…

    Comment жазған bahtgul65 | Шілде 3, 2009 | Жауап

  3. суреттерді өзіңіз түсірдіңіз ба? күшті екен

    Comment жазған elvira | Шілде 9, 2009 | Жауап

    • Иә, біздің агентствоның суреттері ғой…

      Comment жазған bahtgul65 | Шілде 12, 2009 | Жауап

  4. Оскеменде конак кутетiн жер баршылык. Келiнiздер ;)

    Comment жазған Oskemen | Қараша 18, 2009 | Жауап


Пікір жазыңыз