ӨКІНІШ
Мәссағанда жазған едім….
Екінші балмыздың ұл болғанын қатты қаладық:Алматыдағы Ана мен бала институтында тексерілдік, қытай, халық, медицина күнтізбегімен санаттық, ақыры УЗИ-де де ұл деді. Қуанышымызда шек жоқ…
Тура сегіз ай өткенде, кенеттен атам дүние салды, жалғыз келін болған соң,сондай сыйлайтын адамым еді , ақырғы сапарға аттандырып салуға, ауырып отырсам да бардым.Бірақ ауыруым асқынып, ауруханаға түсіп қалдым.Содан босанғанға дейін, аурухана *домовойы* деген атақ алып, бір ай бойы жаттым. Қасымда жас, менімен аттас бір қыз жатты: мінезі тұйық, бірақ ақылды, таза,ақкөңіл. Өзіне ешкім де келмейді,ал маған Өскеменнің жарты тұрғындары келеді: достар, туыстар дегендей…
Сөйтіп жүргенде, екеумізді тағы УЗИ-ға жіберді, ол бірінші кірген:ұл деп шықты. Мен кірсем:апай, сізде қыз деп, монитордан көрсетті.Шығып алып,ал жыла. Ана қызым да мені жұбатады…қайдан?!
Бір уақытта:*Апай, сіз менің ұлымды алыңызшы,менің ұлымның сіздей анасы болса, мен бақытты болар едім* дегені.
Мен аузымды ашып қалыппын, сөйлесе келе түсінгенім, ол баланы тастап кетуге арыз да жазып қойыпты.Айтқан әңгімесін естігеннен кейін,оны бір де минут кінәләмәдім.
Шешесі жоқ жетім қыз, артынан ерген 4 кіші бауырлары бар,әкесі арақ ішеді екен.Өгей шешесінің 3 баласы бар, мінезі шатақ кісі екен. Сегізінші сыныптан кейін педколледжге оқуға түседі, оқу бітіруге бір жылы бар екен. Бір жігітпен кездесіп, ақыры сөз байласыпты: жігіт, ауылыңа бар, мен әке-шешемді жіберемін кұдалыққа деп.Қыз ауылына келіп, дайындалса құда жоқ, өгей шешесі айтпағанды айтып ұрысады.Ол шешесінің сіңлісін ертіп, жігіттің үйіне берса, уәделескен жігіті жолда ағасы екеуі авариядан қайтыс болып кеткен екен, тіпті жерлеп те қойыпты. Аяғы ауыр екеннін,жігітінің ата-анасына айтса, үндемепті.Қандай қатыгездік.
*Мен ол баланы қайда апарамын, өгей шешем маңыма жолама деді, жатаханаға кіргізбейді,үй жалдауға ақшам жоқ және бауырларымды көтеруім керек. Ойланып-ойланып, ақыры қалдыруды жөн көрдім. Бірақ алатын адамдар жақсы болса деп құдайдан тілеймін* деп,тәуір-ақ жылады.
Мен жолдасымды шақырып:*Осы баланы алып алайық, бірге өседі. Маған енді бала көтеруге болмайды деп жатыр дәрігерлер* деп едім,ол:*Жоқ, біреудің баласы керек емес *деді.
Сонда өз айтқаныма көндіре алмағаныма өкінемін…
Сол баланы мен еміздім де…Қасынан өтіп бара жатсам,маған қарап жататын.
Кейін Алматы жақтан бір балалары жоқ кісілер келіп,өздеріне жазғызып, шығарып алды, сол ұл баланы.
Міне содан бері он жыл өтті. Бүгін бәрі есіме түскен себебі, кешке сол қызды көрдім.Қасында екі ұл баласы , жолдасы… Мен көріп, танымағандай өтіп кетті.
Жазған уақытым: 2008-09-28
14 Comments »
Leave a comment
-
Recent
- Сағындым әке иісіңді……
- Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығар…..
- *Шаңырақ* танысу агенттігі хақында
- Көңіліздік)
- *Райымбектің қыздары-ай*!!!
- Сәлем бердік!
- Неге 6 июль????
- Бір оқиға жайлы….
- Абитуриент хикаясы
- ӨКІНІШ
- “Алтайдың кербұғысы”,”Мұзтаудың мұзбалағы” атанған өзіміздің Ораш
- Алыс па екен Өскемен,жақын ба екен Өскемен…
-
Links
-
Archives
- January 2010 (2)
- October 2009 (2)
- July 2009 (8)
- June 2009 (9)
-
Categories
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
Тастандылардың жалпы болу фактісін тіпті осындай өткір себептермен де ақтауға келмес. Некелес болмай жатып бір өткінші жылт еткен ләззатқа басы айналсоқтай қалу – ұл адамға да, қыз адамға да сын. Тек бұл жағдайда емес.
Ой,Нұрғиса,айтпа деймін…өзім де қыз өсіріп отырмын ғой. Біз Малика екеуміз көбісі ана мен қызы емес, сырлас,достаймыз.Қазақта *Қызға қырық үйден тиым* деген мақал бар ғой. Бақытгүлге анасы болмаған соң, тиым айтатын адам болмады ма,білмедім…Бірақ өмір деген сол ғой,жақсылық пен жамандық қатар жүреді…..
Иә, өмірде бәрі де болады, анау қыз баласын тастамағаны жақсы болған екен.
Баласыз отбасылар да бар ғой, оның қасында сенің екі қызың бар, шүкіршілік қой.
Қалеке,мәселе сол,қыз баланы тастады. Алматыдан баласы жоқ жанұя асырап алды. Ал мен көрген ұлдар,кейін туғандар.
Мәссаған. Тек кітаптардан оқып, кинодан көретін оқиғаны көреген екенсіз.
Қателік жасады. Ол өтті. Кейіннен бақытты болып, отбасының түтінін түтетіп отырғанының өзі адамның жанын жұбатады екен.
Ansar,иә,бірақ…Есіне түскенде қандай күй кешеді екен…
Қандай қиын! Ана баланың жағдай қалай екен қазір?
… АЛЛА бәрін де тура жолға салса екен!
Сол баланы әкетерде,медбике қыздар мені шақырды. Сонда айтқан,алуға келген кісілер дипломаттар, басқа елде тұрған екен,40 жаста. Баланы шығарғанда біз терезеден қарап тұрдық,әйел жабық тұрған одеялоны ашып, қайта-қайта сүйе берді баланы…
Тақырыптың атын неге өкініш дедіңіз? Асыранды бала бақытсыз ба екен әлде??Егер бала бақытты болса, жанұясы болса, онда неге өкініш сезімі болу керек?
Меніңше бұл жерде кішкене позитивті болу керек.
Біртүрлі, пәтер қымбаттап кеткен соң, кезінде су тегінге беріп тұрғанда неге алмадым деп өкінетініміз есіме түсіп кетті. Қуаныңыз, сіздің екі аққудай сұлу, ақылды қыздарыңыз өсіп келе жатыр. Сізден бақытты адам болмауы керек.
Өкініш дегенім,сол баланы алып алмағаным, Жәкеңе дұрыс түсіндіре алмағаным…
Бірде Жәкең машинаны гаражға қоймақ болып,бірінші Маликаны шақырды. Ол сабағым көп қарайтын деп бармады. Айданаға жүр деп еді,есімде жоқ,ол да бармады.*Ана баланы алып алғанда ғой,қазір менімен барар еді*дегенде,роддомда біраз *упорствовать* етсем,Жәкең қарсы болмайтынын түсініп,өкіндім. Солай…
Неге осы қыз өсірген үйдің анасын “қап, осы сәтте ұлым болғанда ғой” деген ойлар көп болады екен, а…
Неткен сынақ десеңші… Қайта баланы алдыртып тастамай, дүниеге әкелгені ерлік қой. Сонда ол перзентханада жатқанда, бауырлары да оның жағдайын білмегені ме?
Пы.Сы. Сіздің жазбаларыңызды оқыған сайын “Қасыңда жүр жақсы адам” деген сөз санама орала береді
Айтпа,Асхат. Жас қыз ғой,қаншалықты қиын болғанын түсінемін.Менің білуімше,оның аяғы ауыр екенін бауырлары білмеген,долы өгей шешесі айтып қоймаса…
қыздың тағдыры қандай қиын десеңш.. балаға да обал әрине. бірақ қызға жаным қатты ашыды.. бала кішкентайынан асырап алынды ғой, мүмкін асырап алынғанын ешқашан білмей өскен де болар.. қыз болса, тұнғышын ұмыта алмай өмір бойы қиналып өткен шығар..