Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Абитуриент хикаясы

Бір көңілде жүрген естелік еді…
Содан бері 27 жыл өтіпті,бірақ есіме түкен сайын жымиып қоямын.
Қазір өз қыздарым жол жүрсе не кешке үйден шықса,ұялы телефонына 99 рет қоңырау шалып,жетті ме, жетпеді ме деп елеңдеп отырамын. Ал біздің жас күнімізде ондай байланыс тұр ғой,жәй телефон да көп пәтерлерде жоқ. Мен оқу бітірдім…қай институтқа баратыным да белгіленді,себебі 1982 жылы товароведение деген факультет Қазақстанда тек Қарағанды кооперативтік институтында ғана болды.
Сонымен, ата-анам 200 рубль ақшамен мені самолетке отырғызып,шығарып салды. Алдын ала сол қалада тұратын,Тамара деген бөлеме хат жазған көрінеді,кейін телеграмма салған *тосып ал* деген.Мен таң ата ұшып келдім,ары қараймын,бері қараймын,мені күткен ешкім жоқ. Өз жүгім азғана, киер киімім мен Хомченконың *Химиясы*. Түсетініме 100 пайыз сеніп, басқа кітап та алмай және емтихан басталуға 4 күн қалғанда бардым ғой. Көтеруге қиын, ата-анам беріп жіберген сәлемдеме салған сумка болды.
Көп ойланбай-ақ, мен такси алып, айтқан адреске келсем, көршісі шығып,оларды көптен көрмегенін, пошта жәшіктері толып тұрғанын айтты. Амал жоқ,әлгі таксимен институттың қабылдау комиссиясына бардым. Документтерімді тапсырайын десем, венерологқа анализді осы жақта да тапсыру керек деп алмай қойды.Не қаланы білмеймін, жүгім де ауыр,сумкамды сол комиссияда отырған қызға тапсырып, барып анализ тапсырсам,жұма еді, тек дүйсенбі күні ғана дайын болатынын айтты. Институтқа келіп, қабылдау комиссиясының төреағасына кіріп, жатахана беруді сұрадым. Ол студсоветтің бастығына жіберді,келсем, жігіт екен,сызданып тұрып маған былай деді: *Егер екі қабаттың коридорын түгел жуып шықсаң,орын беремін *…Бұлай ызаланбаспын. Егер ол мені адам сияқты орналастырып, кейін, көмектесіп жіберші деп сұраса,жуып шығар едім.Ханның қызы емеспін ғой. Есігін тарс жауып шығып кеттім…
Ауыр сумкамды сүйретіп, такси аялдамасына келдім. Жас, орыс жігіт екен, конақүйлерге апаруын сұрадым.Біреуіне барамыз,орын жоқ,екіншісіне барамыз,орын жоқ.Бір кезде таксист жігіт маған айтты;*Слушай, пошли ко мне…Мама уехала отдыхать, я сутки на дежурстве.Отдохнешь, выспишься, завтра,что-нибудь придумаем*деп. Менің бармауға амалым қалмады. Ол мені үйіне әкеліп тастады да, сағат 21-де тамақ ішуге келіп,қайта кететінін айтып,кетіп қалды. Мен сумкамдағы сәлемдемені тоңазытқышқа салдым, жақсылап тамақ пісірдім,душқа түсіп алдым,тіпті жігіттің шашылып жатқан үйін жинап,жуып шықтым…Сағат 20-ға жақындап,күн қараңғы бола бастағанда,қорқа бастадым…Менің қайда екенімді тірі жан білмейді,жігіт қандай екені белгісіз(бірақ бөлмесіне қарап,жаман деп айтпас едім,пианино,шаңғы,гитара)….сосын рахметімді айтып,хат жазып,қанша ақшаға жүргенімді көргенмін,тура сонша ақша қалдырып,жеп-жеңіл сумкамды алдым да,шығып,есікті жауып жатсам,көршісі шықты. Кішкене баласы бар келіншек екен,әлгіге барлығын айттым, тіпті қалуға қорқып тұрғанымды да жасырмадым. Ол тәуір-ақ күлді. Виталик жаман бала емес,қорықпа, болмаса бізге жүр не Юго-Востокта,*Аврора* кинотеатры жақта, кішкене қонақ үй бар,сонда бар деп.Кеш түсіп қалған,аялдамада отырсам, бір қазақ апай,мендей қызымен отыр екен,олардан қонақ үйге қалай баруды сұрадым.*Түнде онда не бітіресің* деп сұрады. Мен айттым.Ол маған бірден:*Ешқайда да барма, бізбен жүр, қазір бір жерге барамыз да,қайтамыз* деді.Біз бір үйге кіріп,қасындағы қызды қалдырдық та,үйге келдік.
Осылай мен Фарида апай мен Женя ағаймен таныстым.Тамаша адамдар еді!Сөйтсем, жаңағы қыздары баптистке тұрмысқа шығыпты да,әкесімен келіспей,бөлек шығып кетіпті.Тағы бір қыздары тұрмыста, бір ұлдары армияда екен.Серік,Бауыржан деген ұлдары өздерімен бірге тұрады екен.Мен бірден пәтерақы беріп тастамақ болып едім,қатты ренжіді.Олардың жақсылығын қалай қайтарарымды білмей, тез-тез тамақ пісіріп,Фарида апайға болыстым.Женя ағай айтып қояды:*Қарашы,елдің қыздары қандай* деп.Бауыржан деген ұлдары менен 4 жас кіші,қасымнан шықпады, альбомын көрсетіп,қыздары туралы айтып.Ал бір ыңғайсыз жері,маған алғашқы рет бойжеткен қыз деп қараған ұлдары Серік. 5 жас үлкен ол маған шалдай көрінді. Тіксініп қалдым….Сенбі,жексенбі тез өтті.Олар мені жібергілері келмеді,бірақ мен болмадым. Содан жатаханаға орналасып үлгермей,мені туыстарым тауып алды.Олар да үйге жүр деп әлек, келіспедім. Ертеңінде емтиханды 5-ке тапсырып,оқуға түсіп,торт,шампанское алып,Фарида апайға келсем, олар манты пісіріп,мені күтіп отыр екен.Өзімнің туған әке-шешемдей болып кетті кейін.Серік маған сөз айтқанша, демалыс сайын барып жүрдім…Кейін мейрамдарда барып,құттықтап жүрдім. Ал Серік үйленгеннен кейін, келіншегі қызғана берген соң,тек телефонмен құттықтап жүрдім. Кейін Серікпен бір қиын әңгімеден кейін, барғанымды мүлдем қойдым…
Ал Виталик кейін мені тауып алды. Тіпті менің дос қызыма үйленген,әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз.Бірақ ол басқа әңгіме…

July 3, 2009 - Posted by bahtgul65 | Uncategorized | | 15 Comments

15 Comments »

  1. Бақыт тәте, мына оқиға бойынша жап-жақсы кино түсіруге болады екен.)))

    Comment by Сонти | July 3, 2009 | Reply

    • Сандуғаш,сен де келдің бе? Сәлем,құлыншақ. Иә,жақсы сюжет…

      Comment by bahtgul65 | July 3, 2009 | Reply

      • Иә, мен де келдім. Ұнады…Жып-жылы сондай!

        Comment by Сонти | July 4, 2009

  2. Сол кездегі кісілер шынымен де мейірімді еді… Керемет жазыпсыз! Тура көз алдымдағыдай барлығын көріп отырдым :)

    Comment by urimtal | July 3, 2009 | Reply

    • Рахмет,Асхат.Шынымен әдемі,әппақ оқиға ғой,ешқандай қарасы жоқ….

      Comment by bahtgul65 | July 3, 2009 | Reply

  3. ой Бақытгүл! бір күлдірдің. езуімді жинай алмай отырмын.

    Comment by Сәкенспб | July 3, 2009 | Reply

  4. ол заман есімде. жиырма жыл бұрын, бірге жұмыс істеген немісті, германиядағы блоггер қазақ тауып беріп еді, немісіміз танымайтын сыңай танытты. заман өзгеріп кетті. өкінішті.

    Comment by Сәкенспб | July 3, 2009 | Reply

  5. Сәкен,рахмет!Ұнаса,қуаныштымын. Осындай өмірімде басымнан кешкен оқиғаларды,әңгіме қылып жазғым келеді. Ештеме қосылмаған,бәз баяғы қалпында….
    Өмір өзгерсе де, сол кезде тәрбие алған біз өзгерген жоқпыз.

    Comment by bahtgul65 | July 3, 2009 | Reply

  6. Хомченконың *Химиясы* деген не а? )

    Серікті түсінбей тұрғаным-ай. Ақыры үйленген екен, сізді несіне мазалай берді. Фарида апай мен Женя ағаймен араласпай кеткеніңіз обал болған екен.

    Виталик молодец. Үйін жинап, тамағын пісіріп кеткеніңізге күліп алдым. Бастан кете бермедіңіз ба ) Виталикпен көп жылдар соң кездескеніңізде не дегені қызық маған )) рахметін айтты ма? как-никак ата-анаңыздың барлық сәлемдемесін сол үйде тастап кеттіңіз ғой ))

    Comment by elvira | July 9, 2009 | Reply

    • Хомченконың *Химиясы* деген *Пособие для поступающих в ВУЗ* деге кітап ,Эльвира.
      Виталий туралы тғы бір жолы жазармын,қонаққа келіп жүр

      Comment by bahtgul65 | July 12, 2009 | Reply

  7. қазір Аврора жақта қонақ үй жоқ :) тамаша әңгіме

    Comment by arsenal777 | July 12, 2009 | Reply

    • Әрине жоқ, 27 жыл өтті.Ол кезде Юго-Восток жаңа салынып жатқан, ал Виталий Волочаевская деген көшеде тұрған.Қазір бәрі өзгерген шығар.Қарағандыға бір баратын уақыт болды…сол бір күйбің тірліктен шыға алмай жүремін…

      Comment by bahtgul65 | July 12, 2009 | Reply

      • Юго-Восток қазір қатты өзгерді))келетін болсаңыз, танымай қаласыз :)

        Comment by arsenal777 | July 13, 2009

  8. Тамаша әңгіме! Көз алдымнан неше күн кетпей қойды. Бір тәтті түс я болмаса қызық кино көрген сияқтымын. Ол кезең қандай тыныш, қазіргідей тас бауыр емпес!Сол заманда өмір сүргім келіп кетті. Меніде Алматыға жетелеген Ертеде шыққан кинолар, кітаптар еді. Бірақ, қазір бәрі басқа!

    Comment by blogbershi | November 28, 2009 | Reply

    • Пікіріңді көрмей қалғаныма кешірім өтінемін.Көп рахмет.Айтпа,заман өзгерді,бірақ біздің жүрек сол қалпында…еш өзгеріссіз.Тәрбие керемет болды ғой сол кезде.

      Comment by bahtgul65 | January 12, 2010 | Reply


Leave a comment