Бір оқиға жайлы….
Менің сіңлім бар, айтқан сөздері арамызда *қанатты*сөз болып кеткен…Бірде маған телефон соғып,өмірге назын айтты,арамызда мынандай диалог болды:
-Ақша аз,машинаны соғып алдым,жұмыста бір қиыншылықтар болып тұр.
-Ертең *Диско 80-х*қа барып билеп келейік онда
-Жоқ, мен *режим экономиядамын* және диетада отырмын.
Ертеңінде көшеде бір топ баламен ұлын кездестіріп едім,ол айтты:* сыныптастарымды кафеге апардым,мамам 300 доллар ақша берді* деп.Динараға звондап:*Есің дұрыс па,кеше ғана жылап едің ғой*десем,*Қойшы,Бақытгүл, жалғыз ұлымның 365 күнде бір келетін туған күнін атап өтпесем, неменеге жер басып жүремін…* дегені.
Осы сөздер біздің өміріміздің айнасы тәрізді. Балаларымыз өсіп-жетіліп,біз шықпаған шыңдарға шығып, біз алмаған асуларды алса,сірә, біздің зая өмір сүрмегеніміз…Осылардың табанына кірген тікен,маңдайыма кірсін деген қағидамен жүрген жайымыз бар.
Осыдан біраз жыл бұрын бір тойда болдық. Күйеу жігіт те,қалыңдық та әдемі,үріп ауызға салғандай…Асаба өлеңдетіп жаңа болып жатқан құдаларды *төс қағысуға* ортаға шақырды. Жігіттің ата-анасын жақсы танимыз,ұйып отырған,берік жанұя, билеп шықты сахнаға, ал қыз жақ біраз тосылып қалды, себебі,қыздың әке-шешесі айырылысқан,тойға әкесі әйелімен,шешесі күйеуімен келіпті. Қайсы шығарын білмей,абдырып қалған түрлері бар. Сонда тәп-тәтті,сұп-сұлу қалыңдық , әп-әдемі көздерін жасырып,ұялып,төмен қарағанда….ішім әлем-жәлем болып кетті. Сонда өзіме уәде бердім,қандай заман туса да,менің жүрегім кеудемде соғып тұрғанда қыздарым мен үшін не Жәкең үшін ұялмайды деп.
*Ұлы сөздің ұяты жоқ* дейді ғой қазақ халқы, сол кезде Жәкең нағыз жігіт болып *піскен * кезі ғой, анда-санда *налевоға*кетіп қалатын.Көп құрбыларымыз осы хакінде ажырасып кетті,шыдамай. Кейде үйге келмей қойғанда, ызам келіп,енді бірге тұрмаймын десем, сол қалыңдықтың мөлдіреген көздері есіме түсіп кететін…
12 Comments »
Leave a comment
-
Recent
- Сағындым әке иісіңді……
- Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығар…..
- *Шаңырақ* танысу агенттігі хақында
- Көңіліздік)
- *Райымбектің қыздары-ай*!!!
- Сәлем бердік!
- Неге 6 июль????
- Бір оқиға жайлы….
- Абитуриент хикаясы
- ӨКІНІШ
- “Алтайдың кербұғысы”,”Мұзтаудың мұзбалағы” атанған өзіміздің Ораш
- Алыс па екен Өскемен,жақын ба екен Өскемен…
-
Links
-
Archives
- January 2010 (2)
- October 2009 (2)
- July 2009 (8)
- June 2009 (9)
-
Categories
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS

“Балалы үй – шу, базар,
Баласыз үй – қу мазар” дейді қазақ. Үйде балаларыңмен улап-шулап, азан-қазан боп жатқанға не жетсін!?
Cонти,құлыншақ,көп рахмет.Әрине солай
“Любого порву за своих детей” деуге болады мысалы.
*Порву* емес,біздікі түзу жол меңзеген…қателік істемесін деп…
Сендей қазақ әйелдері қазақты қазақ қылып ұстап келеді, әлі де ұстай береді. Шаңырақты еркек тіккенмен, кереге-киіздерді әйелдер істейді ғой, мықтылығың көрініп тұр.
Қалеке,рахмет.Ұялып қалдым бірақ..
қазақтың әйелдері осы ғой.. бала үшін, ері үшін ешнәрсесін аямайды..
Эльвира,сәлеметсің бе?!Қош келіпсің, төрлет! Иә,жолдасым мен балаларым үшін жан пида ғой, тәрбиеміз сондай…
Сизге коп рахмет ! Жазганыныз конилге конымды шынайы карапайым ашыкта таза минсиз асыл тас сиякты ! Сизге шыгармашылык табыс тилеймин! Жазушылык талантыныз бар жаза бериниз! Анамызга жане Жакен бастаган жан уяынызга шын конилден риясыз ыстык агалык салем
сізге де сәлем беріп, виртуалды болса да шәй құйып қойғым келіп тұр. Пікіріңізге рахмет. Менікі жәй ойдағы нәрсені қызық болсын деп түрткен ғой….Сәлеміңізді жеткіземін, аманат болсын. Қазақстанның басқа жағында тіліктес жандар бар екені жанға шипа…
Қайбір жылы “Жас алашқа” 8 наурыз қарсаңында Нұртөре Жүсіптің “Қазақ қызы” деген дүниесі жарық көрген.
Сонда “Қазақтың қызы, сенің иығыңдағы жүк ауыр” деген жолдары есімде қалыпты. Әбір қазақтың қызына үлгі болыңыз, Бақытгүл.
Рахмет,Баян,өзіңнің де жолың ақ,бақытың БАЯНДЫ болсын!