Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Неге 6 июль????

Осы күн менің өмірімде естеліктерге толы…

Біріншіден, бұл күн,менің ең жақсы көретін сіңлім Айгүлдің туған күні…Айкөн,Аека,Айгөлек…Осы өмірде мен үшін ата-анам,жанұяммен бір қатарда тұрған адам.Әкемнің 58 ,ал анамның 46 жасында дүниеге келген ол, кенже-кенже дегенге ,тіпті кеш қыз болды.Бірде 23 жасында мен сұрадым:*Айкөна, біреумен жүресің бе?*деп. Мен Өскеменде,ол Алматыда болған… *Мен әлі өмірімде ешкіммен жүріп көрген жоқпын* дегені. Ешқашан өтірік айтпайды, біреудің ала жібін аттамаған,өсек-мөсек деген нәрседен алыс,ойын адамның бетіне тік айтады.Бүкіл біздің әулетте Айгүл десе,барлығы ішкен асын жерге қояды.Барлық туыстар жақсы көреді. Бірақ бағы ашылмады….тұрмысқа да кеш шығып еді, жолдасы 2,5 жылдан кейін, жүрек ауыруынан қайтыс болды….Баласы да жоқ.Бірде маған жылады: *Құдай бала да бермеді* деп,өзімше жұбатқан болдым:*Менің қыздарым сені ешқашан тастамайды, жыламашы * деп.
Тәтем ауылға бір барғанда айтты:*Ерте кезде,кенжеде не құт,не жұт қалады деуші еді,алла қолдап, бағы ашылса екен* деп.Әдемі,үй жұмысына да керемет, ал гитарамен ән айтқанда, кейбір тележұлдыздардан кем айтпайды,машина да айдайды…
Туған күніңмен,сүйікті сіңлім! Өз сыңарыңды кездестіруіңді тілеймін, балаң көп болсын,қайғы- уайымың жоқ болсын!

Екіншіден, осыдан 17 жыл бұрын ағам Рахымжан қайтыс болды.Аллаға да адамдардың жақсысы керек дейді ғой…ауылда алғашқы болып көп қабатты үй салды,бірінші болып трактор, мотоблок алды, жалпы жаңа нәрсеге құмар, креативті еді ағашым…Артында 5 және 6 жаста қалған екі қызы,құдайға шүкір,жақсы оқып, ЖОО бітіріп, өздерінің теңдеріне тұрмысқа шықты,қазір бір-бір ұлдары бар.Жеңешем туралы айтсам,алматылық болса да,ағамның түтінін өшірмей,ата-анамның қасында тұрды. Сөз айтқан кісі көп болса да, тұрмыс құрмады. Бізбен болдыАида тұрмысқа шыққанда анам керемет сөздер айтты.*Асылым,алтыным,күнім,Несіпті!Ұлымның түтінін өшірмей,екі қарғасын өсіріп баққаныңа мың да бір рахмет, алла риза ,мен риза.Атаң да қайтыс боларда саған батасын беріп еді ғой,келші құлыным қасыма, аналық батамды берейін!* деп. Жыламаған адам қалмады ғой деймін сонда….

Үшіншіден,бұл күн,бақытты,жайдары жастық шағымыздың куәсі,Жәкеңнің жақын досы-Арманның туған күні!

Төртіншіден, осы күні Жәкежан екеуміз танысып едік…

Міне,енді осы күн Астананың туған күні болды! Мерейтойыңмен,Астана!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!

July 6, 2009 - Posted by bahtgul65 | Бақыт, махаббат, қуаныш, өмір | | 10 Comments

10 Comments »

  1. Шілде деген керемет ай ғой… мен дүниеге келген =))

    Comment by Сонти | July 6, 2009 | Reply

    • Cандуғашым-ай,апайының шатпақтарын оқып жүрген…

      Comment by bahtgul65 | July 6, 2009 | Reply

      • Енді…сондай қызық! Тура мамамның өз басынан өткен оқиғаларын айтып жатқанындай.

        Comment by Сонти | July 7, 2009

  2. Барлық оқиғаларды жақсы жазасыз, ойыңызды ашып. Керемет.

    Comment by Narkosh (Nara) | July 6, 2009 | Reply

    • Рахмет,Нара.

      Comment by bahtgul65 | July 6, 2009 | Reply

  3. Несіпті жеңешеңіз туралы оқығанда менің де көзім жасқа толды. Адалдығыңа таңдандым.

    Сіңіліңіздің бағы ашылуына тілектеспін! Туған күні құтты болсын!

    Comment by elvira | July 9, 2009 | Reply

    • Әрбір күннің өз жақсылығы бар деп ойлаймын. Десе де өміріңіздегі маңызды оқиғалар осылай өрнектеліп жатса, оның да бір хикметі болғанын болар. Тек қана сәттілік тілеймін. Аллаһ тағала әрбір күніңізді қуанышқа толтырсын!

      Comment by urimtal | July 10, 2009 | Reply

      • Сәлемет пе,Асхат!Пікіріңе көп рахмет. Ақырғы күндері бір жақсы той болып, соның қамымен жүремін деп, ғаламторға шығуға мұрсат болмады.Сенің де блогыңды оқып шықпасам…

        Comment by bahtgul65 | July 12, 2009

  4. НӘН-нің туған күнін ұмытып кетіпсің, бұның жарамады.

    Comment by Қосақ | July 13, 2009 | Reply

    • Туй,Қалеке,Астананың туған күні деген,НӘНдікі де деген сөз ғой….:)))

      Comment by bahtgul65 | July 13, 2009 | Reply


Leave a comment