Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

*Шаңырақ* танысу агенттігі хакінде

Осы айда,*Хабар* агенттігінің журналисті, сіңілім Меруерттің шақыруы бойынша Майрамен Алматыға барып қайттық. Әңгіме неке агенттігі жайлы болды. Шындықты айтқанда, бұл бастаманың қиындығы,айтылатын алғыстан көбірек екен. Біраз уақыт ішінде көптеген жастарды бір-бірімен таныстырып,екі жанұяның өмірге келуіне ықпал еттім…бірақ бұл одақтар туралы,неке қиған екі адам 1 жыл бірге өмір сүрмей,ауыз толтырып айтуға ертерек деп есептеймін.
Хаттар легі тоқтар емес,бірақ көбінесе қыздар жазады. Жақсы қыздар қандай көп!!!Жігіттер көбіне *тордың аржағында* отырғандар….
Жалпы жақында,*Хабардан* оң жақта отырып қалған және сүр бойдақ жігіттер жайлы деректі фильм болмақ. Көрсетер кезде хабар берермін.
Ал мен көмектесе алады деген адамдар,менің мейл рудағы жәшігіме хат жазыңыздар: bahtgulukg@mail.ru не dbeukg@mail.ru,не қалтофоныма қоңырау шалыңыздар:87772812388.

Қазан 26, 2009 Жазған: bahtgul65 | 1 | | 4 Пікір

Көңіліздік)

Сіздерден кешірім өтінемін.Осы блогты жазуға не бір уақытым, не бір зауқым болмады.Біраз қиыншылықтар болып,соны шешуге көптеген әл-күш,төзім керек болды.Бәрі дұрысталып,жұмыс енді басталмақ шақта,ағам қаза болды.Кеше ғана ауылда қырқын өткізіп келдік….Жасамаған жасын ұлдарына тілеп,артында біз, зарлап анам қалды.Аллаға шүкір,марқұм ағамның үлкен ұлы Азамат-офицер,биыл Әскери Академия бітірді,екінші ұлы Дастан-КЭУде оқиды…Ең таңқаларлық жағдай- қазаға ағамның телі өскен үшінші ұлы да келді. Астанада тұрады екен,жас та болса,өз ісімен айналысып жүрген,болашақта ірі бизнесмен болатын бала Ерқайрат-баурым.Күйзеліп,не істерімізді білмей,анамыз да қайғыдан *ана жаққа* кетіп қалады ма деп,қорқып отырғанымызда,Ерқайраттың іздеп келгені бәрімізді селт еткізген,қайғыдан есімізді жинатқан оқиға болды.
Ақылды,барлығын түсініп тұрған,жап-жас болса да сөзі дұрыс бауырымызды көріп,анам да сабасына түсті. Құдды киноларда болатын ,бірақ өз өмірімде болған оқиға….

Қазан 26, 2009 Жазған: bahtgul65 | 1 | | 5 Пікір