Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

*Шаңырақ* танысу агенттігі хақында

Осы айда,*Хабар* агенттігінің журналисті, сіңілім Меруерттің шақыруы бойынша Майрамен Алматыға барып қайттық. Әңгіме неке агенттігі жайлы болды. Шындықты айтқанда, бұл бастаманың қиындығы,айтылатын алғыстан көбірек екен. Біраз уақыт ішінде көптеген жастарды бір-бірімен таныстырып,екі жанұяның өмірге келуіне ықпал еттім…бірақ бұл одақтар туралы,неке қиған екі адам 1 жыл бірге өмір сүрмей,ауыз толтырып айтуға ертерек деп есептеймін.
Хаттар легі тоқтар емес,бірақ көбінесе қыздар жазады. Жақсы қыздар қандай көп!!!Жігіттер көбіне *тордың аржағында* отырғандар….
Жалпы жақында,*Хабардан* оң жақта отырып қалған және сүр бойдақ жігіттер жайлы деректі фильм болмақ. Көрсетер кезде хабар берермін.
Ал мен көмектесе алады деген адамдар,менің мейл рудағы жәшігіме хат жазыңыздар: bahtgulukg@mail.ru не dbeukg@mail.ru,не қалтофоныма қоңырау шалыңыздар:87772812388.

October 26, 2009 - Posted by bahtgul65 | Uncategorized | | 4 Comments

4 Comments »

  1. хак дегеннен шошимын, “хақында” шығар?

    Comment by ruslannnn | October 26, 2009 | Reply

    • Білмедім,біздің жақта осылай айтады. Мүмкін,жергілікті диалект болар… Сөздікті қарап көрейін.

      Comment by bahtgul65 | October 26, 2009 | Reply

  2. Ммм, бұл хабарды Хабар арнасынан көріп қалғанмын.жартысын. Өте жақсы мәселе көтерілген.

    Comment by blogbershi | November 28, 2009 | Reply

    • Рахмет. Істейтін істер әлі алда

      Comment by bahtgul65 | December 2, 2009 | Reply


Leave a comment