Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Сағындым әке иісіңді……

Қолыма *біссміллә* деп қалам алдым,
Ойлай-ойлай мен елімді жаман аздым,
Жүретін ойнап-күліп замандастар,
Көруге аман-есен ынтазармын.

Біз жүреміз осы күнде Отан үшін,
Кәпірдің қарсы болған көріп күшін.
Сталин-артық туған біздің дана,
Байқады жақпайтұғын жаудың ісін….

*Еліне хабар берді аттаның деп,
Неміспен соғысуға *шаттаның* деп,
Біз келдік қару-жарақ,сайманменен,
Кәпірмен соғысуға. Ел қамын жеп.

Біз түстік Өскеменнен от арбаға,
Құданың құдіретіне амал бар ма?
Көре алмай туысқанның бірде-бірін,
Жыладым мен қаймығып сол арада.

Халықтың туысқаны келіп жатыр,
*Қош сау бол* деп қолдарын беріп жатыр,
Сол жерде туғандары келмегендер,
Көзден жас кеп,мөлтеңдеп,құр жан отыр.

Қайтейін туысқан жоқ маған келер,
Пендесін жалғыз қалған Алла жебер,
Тыя алмай көздің жасын мен отырмын,
*Қайтесің,жалғыз қалған өзіңнен көр*.

Әке менен шеше жоқ менде қалған,
Мен едім бір әкеден жалғыз қалған,
Үйдегі қалғандарға бас болар ед,
Жалғыз-ақ осы арасы көңілге арман….

Бұл өлең жолдары менің ардақты әкем ,Ұлы Отан соғысының ардагері,осыдан 10 жыл бұрын бұл өмірден фәниге кеткен әкем Есімхан Әділханұлының соғыстан елге жазған хатынан үзінді.Тірі болса бүгін 100-ге толар еді….
Әкемнің ақырғы сағатында қасында болдым.3-ақ күн аурды,ешкімге масыл болмай,шаршатпай,салмағын түсірмей,90-ға келсе де,көзілдіріксіз кітап оқып,балаларына ақылын айтып кетті.Қайтыс болар күні,таңертеңнен Бақытгүл келді ме деп сұраумен болыпты. Біз де келіп жеттік.Барлық балалары,келіндері,күйеубалалары қасында екен. Кезек-кезекпен күзетуде болыпты, бірде өзіне келіп,бірде есінен жаңылып жатыпты. Бірақ асыл адам ғой! Бар немерелеріне заттарын: құран,тақия,кітап,жазбаларын естелікке таратып беріпті. Ағаларыма сүйегіне кім түсетініне дейін жазып беріпті.Келіндерін шақырып алып:*құлындарым,сендерге рахметімді айтайын және ертең,мен жоқта,ана менің қара кемпірімді ренжітпей,мені аялағандай аялаңдар * депті.
Мен қазір жылап отырмын.Қайран әкем-ай!Ағаларыма ұрысып жататын,бірақ өмірі бір қызына ұрыспақ түгіл,жаман көзімен қарамаған жан еді.Бізді құлыншақтарым,ал Айгүлді *Люляшім,гаухарым,кенжетоқтым* деп еркелететін.Алғашқы өткен жылдары бірде түсіме кірді,мен оны қатты құшақтап,сүйіп жатыр екенмін деймін.Әке,мен саған тамақ істеп қойдым,кірші десем,кірмеді. Ана жақта да жүріп,бізді қорғап жүргеніне күмәнім жоқ!Ал ол кісінің өмірін жазсам,1 кітаптан асып кетер,90 жас деген ширек ғасыр ғой….
Ақылды,салмақты,әңгімешіл,ақкөңіл,бір адаммен 1 сөзге келмеген, халық сыйлаған адам.БүкілТарғын бойында Есімханның қызы едім деген сөз *визитная карточка* ,барлық есіктің кілті сияқты…
Бауырым бар,Есімхан Найман деген. Әкем әкеден жалғыз қалса да,5 ұлы,9 еркек кіндікті немерелері бар.Аллаға тәубе!
Әкемнің демі кетіп бара жатқан кезде,қатты тұмауратып,ауырып жатқан анам келіп: асылым-ай,ардақтым-ай,енді бара ғой сол жаққа,сен бақыттысың, бар балаң қасыңда тұр…. деп сыбырлаумен болды….
Әкем болған кез бір арман екен………

Қаңтар 13, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 6 пікір

Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығар…..

Бүгін мен үйге кеш келдім….неге деп сұрайсыздар ғой? Бүгін менің жеңгетай болып қосқан жанұямның кішкене болса да мерейтойы.Танысып,сөйлесіп,ұнатып,үйленіп,отау тіккендеріне 2 жыл болды. Маған сөз айтқан жігіттің ағасы еді: Бәке,сенің танитын адамдарың көп,солардың ішінен тәрбие көрген,жоғарғы білімі бар,парасатты,отырып қалған қыз болса,бауырыммен таныстыршы деп. Таныспақ жігіт бірінші әйелімен айырылысқан еді…..кіммен деген ой мені көп мазалаған жоқ. Бірден Лизайда деген мұғалім қызбен таныстыруды ұйғардым.Ол ауылдан көшіп келіп ,пәтер жалдап тұрып жатқан болатын…анасы 10 жылдай төсек тартып жатты,сол кісіні аяғына дейін әлпештеп бағып,ауыл мектебінде орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген.Парасатты,ақылды,үй жұмысына пысық,бір-ақ кемшілігі: қазақ тілін білмейтін.Ал жігіт қазақ ақын-жазушыларын жатқа айтатын,білімді,қазақи…
Әйтеуір не керек,таныстырдық қой…Лизайда ата-енесіне де ұнады.Міне қазір бөпелі болатын түрілері бар,кіндік шеше боласың деді….Қуанып отырмын.

Қаңтар 12, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 14 пікір

   

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.