Сағындым әке иісіңді……
Қолыма *біссміллә* деп қалам алдым,
Ойлай-ойлай мен елімді жаман аздым,
Жүретін ойнап-күліп замандастар,
Көруге аман-есен ынтазармын.
Біз жүреміз осы күнде Отан үшін,
Кәпірдің қарсы болған көріп күшін.
Сталин-артық туған біздің дана,
Байқады жақпайтұғын жаудың ісін….
*Еліне хабар берді аттаның деп,
Неміспен соғысуға *шаттаның* деп,
Біз келдік қару-жарақ,сайманменен,
Кәпірмен соғысуға. Ел қамын жеп.
Біз түстік Өскеменнен от арбаға,
Құданың құдіретіне амал бар ма?
Көре алмай туысқанның бірде-бірін,
Жыладым мен қаймығып сол арада.
Халықтың туысқаны келіп жатыр,
*Қош сау бол* деп қолдарын беріп жатыр,
Сол жерде туғандары келмегендер,
Көзден жас кеп,мөлтеңдеп,құр жан отыр.
Қайтейін туысқан жоқ маған келер,
Пендесін жалғыз қалған Алла жебер,
Тыя алмай көздің жасын мен отырмын,
*Қайтесің,жалғыз қалған өзіңнен көр*.
Әке менен шеше жоқ менде қалған,
Мен едім бір әкеден жалғыз қалған,
Үйдегі қалғандарға бас болар ед,
Жалғыз-ақ осы арасы көңілге арман….
Бұл өлең жолдары менің ардақты әкем ,Ұлы Отан соғысының ардагері,осыдан 10 жыл бұрын бұл өмірден фәниге кеткен әкем Есімхан Әділханұлының соғыстан елге жазған хатынан үзінді.Тірі болса бүгін 100-ге толар еді….
Әкемнің ақырғы сағатында қасында болдым.3-ақ күн аурды,ешкімге масыл болмай,шаршатпай,салмағын түсірмей,90-ға келсе де,көзілдіріксіз кітап оқып,балаларына ақылын айтып кетті.Қайтыс болар күні,таңертеңнен Бақытгүл келді ме деп сұраумен болыпты. Біз де келіп жеттік.Барлық балалары,келіндері,күйеубалалары қасында екен. Кезек-кезекпен күзетуде болыпты, бірде өзіне келіп,бірде есінен жаңылып жатыпты. Бірақ асыл адам ғой! Бар немерелеріне заттарын: құран,тақия,кітап,жазбаларын естелікке таратып беріпті. Ағаларыма сүйегіне кім түсетініне дейін жазып беріпті.Келіндерін шақырып алып:*құлындарым,сендерге рахметімді айтайын және ертең,мен жоқта,ана менің қара кемпірімді ренжітпей,мені аялағандай аялаңдар * депті.
Мен қазір жылап отырмын.Қайран әкем-ай!Ағаларыма ұрысып жататын,бірақ өмірі бір қызына ұрыспақ түгіл,жаман көзімен қарамаған жан еді.Бізді құлыншақтарым,ал Айгүлді *Люляшім,гаухарым,кенжетоқтым* деп еркелететін.Алғашқы өткен жылдары бірде түсіме кірді,мен оны қатты құшақтап,сүйіп жатыр екенмін деймін.Әке,мен саған тамақ істеп қойдым,кірші десем,кірмеді. Ана жақта да жүріп,бізді қорғап жүргеніне күмәнім жоқ!Ал ол кісінің өмірін жазсам,1 кітаптан асып кетер,90 жас деген ширек ғасыр ғой….
Ақылды,салмақты,әңгімешіл,ақкөңіл,бір адаммен 1 сөзге келмеген, халық сыйлаған адам.БүкілТарғын бойында Есімханның қызы едім деген сөз *визитная карточка* ,барлық есіктің кілті сияқты…
Бауырым бар,Есімхан Найман деген. Әкем әкеден жалғыз қалса да,5 ұлы,9 еркек кіндікті немерелері бар.Аллаға тәубе!
Әкемнің демі кетіп бара жатқан кезде,қатты тұмауратып,ауырып жатқан анам келіп: асылым-ай,ардақтым-ай,енді бара ғой сол жаққа,сен бақыттысың, бар балаң қасыңда тұр…. деп сыбырлаумен болды….
Әкем болған кез бір арман екен………
6 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
- Ана тілі
- Айқын
- Егемен Қазақстан
- Қазақбала
- Нұрғиса Асылбеков
- Эльвира
- Массолла
- Өрімтал
- Баян
- Аңсар
- Ақзере
- Аршат
- шалақазақ
- Гастарбайтер
- Мақпал
- Сәкен
- Томирис
- Дәурен
- Қазақбала
- Бекжан
- Жаңа Евразия
- Ақбантик
- Айнамекен
- Фотосурет
- Жанарбек
- Жәй қазақ блогер
- mergen
- Қазақия
- Арсенал
- Қосақ
- Bahtgul65\’s Blog
- Қалдықыз
-
Мұрағаттар
- Қаңтар 2011 (1)
- Қараша 2010 (2)
- Қазан 2010 (2)
- Қыркүйек 2010 (1)
- Шілде 2010 (1)
- Маусым 2010 (2)
- Наурыз 2010 (2)
- Қаңтар 2010 (2)
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
Әкенің орны бөлек шынымен де. Өйткені олар айтпай жақсы көреді. Үндемей тәрбиелейді. Соңғы кездері мұңға көп беріліп жүрген тәріздісіз ғой, Бақытгүл. ИншАллаһ, бәрі де жақсы болады. Сіз өзгелердің өмірін көп саралайтын жансыз. Сондықтан өмірлік құндылықтарыңыздың маңызын жақсы түйсінесіз. Аллаһ тағала екі дүние бақытын нәсіп етсін!
Жоғарыдағы коментке қосыламын. Осы айды әділ түрде қазақ блогжелісінде әкелерге тағзым ету айы деуге болатын секілді.
Мен де көзі тірі әкемді қасында жүріп сағынамын. Дүзде өңкиген өгіздей өңмеңдеп жүрсем де, үйде әке қамқорлығын әлі сезінемін.
Темірлан бала,сәлем.Не барлық блогшылар әке туралы жазыпты ма? Мен әкемнің 100 жасына келтіріп жазғанмын.
Ал сенІң әкең де осал жан емес шығар,әке көрген оқ жанар деп текке айтпайды ғой халық.Бүкіл казнетке атың шулы жігітсің!Жортқанда жолың болсын,жолдасың Қыдыр болсын!
Асхат, рахмет.Жәй,сағынып кеткесін,көңілсіздеу шыққан шығар. Біз әйелдер өстіп,анда-санда жылап аламыз да түк болмағандай жүре береміз. Ер адамдарға қиын. Сыр білдірмегенмен,іште талай шешілмейтін сұрақтар мен айтылмайтын сөздер жатады ғой жегідей жеп…
Тілегіңе рахмет. Асхат,осы блогтағы жаңа жазуларды қай жерден оқуға болады?
Иә, әкенің орны бөлек қой.
Қалеке,сәлем.Иә,орны бөлек екені рас….