Жар болу…..
Біздің жанұямызда менен басқаларының туған күндері көктемде. Міне, Жәкеңдікі де келе жатыр,алла бұйырса 31 Наурызда 43 жасқа толады…
Өмірлік жарым туралы біраз сыр шертсем….
Танысқан кезде мен Алматыда жұмыс істеймін.Бір жолы Сәуле деген өскемендік дос қызымның туған күні болып,мені тойлауға шақырды.Кімдер болады деген сұраққа: Мед пен СХИдің студенттері деді.Келесі күні филиалда кезекші едім:бармай-ақ қояйыншы,контингент те кілең студенттер екен,маған қызық болмас деп едім,Сәуле бұлқан-талқан болды. Көрмей,білмей кетемін деп.Амал жоқ,әлгі туған күнге бардым.Қайта-қайта биге шақыра берді бір ұзын бойлы,сары бала.Нешінші курста оқисың деп едім,армиядан келдім,3 курста оқимын деді.Мүлдем бала екен деп қойдым ішімнен,өзім 20 жасымда ЖОО бітіріп,22 жасымда қазіргі Медеу аудандық *Алматыавтоматторгтың *филиалдың бастығы болып қызмет атқаратынмын.Тіпті 1-2 жігіт сол кезде сөз де айтып жүрген.
Тойладық, таныстық,рестораннан кейін біреудің үйіне барып жалғасытырдық,түні бойы биледік,таң ата мен такси шақырып,жұмысқа кеттім.Тіпті жаңа таныстарымның аттарын есіме де сақтамаппын.
Бір күні жұмыстан үйге жиналып жатқанмын,түрлері таныс екі бала келіпті.Жәкежан мен Қайрат:))) Вечеринка болады,подружкаларыңды ал,кеттік деп. Мен бармаймын деп әлек,олар шақырып болмайды.Алия,Дина деген алматылық қыздарға телефон соғып едім,Алияның сол кезде Жигули 6-касы бар(сол кездегі ең күшті тачка),жетіп келді.Сөздің қысқасы: сол кеште Алия Қайратқа,Дина Жәкежанға ғашық болып қалды.Қыздар күнде звондайды,ана студент балалар бір жерге шақырса,бізді бірге ал деп.
Осыларды қосамын деп жүріп,өзім де Жәкеңе ғашық болып қалыпппын…Ең қызығы,оның да көзі әу бастан маған түсіпті…Шынымен,осынша жыл өтсе де,талай рет оған ренжісем де,көптің ішінен дәл Жәкежанды таңдағаныма өкінбеймін.Ондай дұрыс адам аз шығар, білгені көп, тәрбиелі,әр нәрсеге өз көзқарасы,өз ойы бар. Мен сияқты елмен тез тіл табыса алмайды,бірақ ұнатқан адамы оған,орысша айтқанда,и бог,и царь… Қыздарын өліп жақсы көреді,кеш сайын барып,иіскеп,сүйіп жүреді.Қыздар өсті,енді сен есік қақпай кірме,ұялады сосын десем,менің тышқандарым маған әлі кішкене дейді…
Бір-ақ нәрсе үшін қынжыламын: ұлым жоқ…талай рет,балалар үйінен алып алайықшы деп едім,көнбеді…
Алматыдағы жұмысымды, малосемейка үйімді тастап(ол кезде приватизация деген жоқ),артынан еріп кеттім ғой ауылға. Соның барлығы да Жәкеңе деген махаббат қой..4 қыздың үстіне барып,қайынбикелерім ол кезде тұрмыста емес,олардың екпіндеріне шыдағаным да жақсы көргенім деп білемін.Бастапқы 2 жыл тұрмыста болғанда,қанша провакация болса да,аузымды ашпадым,Жәкеңді ренжітпейін деп.
Енем қазір шешемдей ғой,бір күн көрмесек сағынып тұрамыз, бірақ бастапқыда бұлай болмап еді.Талай сыннан өттік ғой.
Бірде Гүлнәр деген қайынбикем мені қатты ренжітті,мен Жәкежан жоқта,оған айтпай-ақ,Маликаны алып,ауылға кетіп қалдым.Сонда анам айтты: қызым,мен саған ол баланы тауып берген жоқпын,өзіңнің таңдауың, біреудің жалғыз баласы,обалына қалма,қыздар ертең тұрмысқа шығады да кетеді,ата-енеңді сыйлап,сонда тұра бер.Соған да ақылың жетпеді ме деді.
Қазіргі кезде ғой,бір сөзге келмей жастар айырылысып жатады.Қыздардың аналары ,оларды ути-пути демей дұрыс жолға қойса,айырылысқандар саны аз болар еді.Жас отау болғанда қиыншылық көп қой…
Баларымның әкесі,сүйікті жарым,өмірлік досым Жәкежан туралы жазарым көп.Алла денсаулық беріп,жетістіктен жетістікке жете берсінші.Бар арманы орындалсын.Қыздары бақытқа кенелтсін. Мен де қасында жүре берейін,солай ғой,халайық!

Ана бақыты:)))
13-іне қараған түні,ұйықтай алмадым.Өткен-кеткен өмірім көз алдымнан кинолентадай өтті.13 Наурыз менің алғаш ана болған ,қыздәурен шағымнан келіншек дәуіріне аяқ басқан күнім ғой.Бірақ міне 19 жыл өтсе де,көкірегімде барлығы сайрап тұр,дәл бір кеше болғандай барлығы.
Жәкең мені босануға ауылға ата-енем үйіне әкеліп тастады.Бірақ менде біраз патология болып,дәрігерлер емханаға 1 ай бұрын жатқызып тастады. 12 наурызда Жәкежан Алматыдан келіп,мені емханадан сұрап алды, бірақ үйге жетіп үлгермедік,менің толғағым басталды.Ал сол уақыттан есептегенде 20 сағаттан кейін ғана босандым.Түні бойы әкелген келіншектер босанып жатыр,мен болсам әлі қиналудамын. Кейін Өскеменнен санавиация шақырып,кесерево жасаймыз деген кезде,алла болысты ма,әлде аруақтар қолдады ма,орысша айтқанда *с горем пополам*,әкелдім ғой қызымды дүниеге.Баланы көріп үлгермей, шаршағаннан,талып қалыппын.Сөйтіп,мен ессіз жатқанда, әкесі қызын менен бірінші көріп қойыпты.
Кешке жақын өз өзіме келіп,кішкенені көрсетулерін сұрадым. Алып келді,дәл сол кезде бүкіл бойымды бұрын болмаған сезім баурап алды.30 минуттай бетіне қарап отырыппын.
Есім бергеніміз де қызық. Көп аттардан Малика мен Айсұлуды таңдадық. Ақыры Малика болды ғой. Жәкең Айсұлу деп атап,сұлу болмай кетсе қайтеміз деген аргумент айтты. Эх, жастық шақ десеші!
Маликаның достары көп,орыс,қазақ,қытай,япон дейсің бе,таң атпай телефон шалып,құттықтап жатты.Үйге барлық туыстар,достарымыз келді. Шын бақыт деген осы шығар!
Мен Маликаға ылғи айтамын: Қызым,саған әкең екеуміз қолдан келген бар жақсылықты жасадық,сенімен бірге тағы бір рет орта мектепті бітірдік(олай дегеніміз күнделікті сабақ тексердік қой:)тілдер оқыттық,5 жасыңнан күн сайын биге тасыдық,не керек дегеніңді әпердік,соның бәрі тең құрбыңның алды болсын дегеніміз деп.Орысша айтқанда,*всю душу вложили*))) Материалды жағына қарағанда, рухани бергеніміз көп.Біздің іске аспай қалған амбициямыз бен армандарымызды,қыздарымыз орындар,бірақ Айданаға Маликаға берілген рухани дүниенің жартысы да берілмеді. Бірақ тәрбиелеу принциптарымыз біреу болып,алдында үлгі болар апайы болғасын ба,әлде біз бар білгенімізді Маликаның миына артығымен құйғандықтан ба,әлде жас ұлғайған сайын сол бір ұмтылыс бәсеңсиді ма білмедім…
Мен қызымның жарқын болашағына сенемін.Өз өмірін бақытты етуге ақылы баршылық. Соған тәуба деп,кішкене құлыншағымның дені сау болып,біз алмаған асуларды алса, өз бақытын тауып,қиыншылықтардан мүдірмей өтсе деймін!
-
Recent
-
Links
- Ана тілі
- Айқын
- Егемен Қазақстан
- Қазақбала
- Нұрғиса Асылбеков
- Эльвира
- Массолла
- Өрімтал
- Баян
- Аңсар
- Ақзере
- Аршат
- шалақазақ
- Гастарбайтер
- Мақпал
- Сәкен
- Томирис
- Дәурен
- Қазақбала
- Бекжан
- Жаңа Евразия
- Ақбантик
- Айнамекен
- Фотосурет
- Жанарбек
- Жәй қазақ блогер
- mergen
- Қазақия
- Арсенал
- Қосақ
- Bahtgul65\’s Blog
- Қалдықыз
-
Мұрағаттар
- Қаңтар 2011 (1)
- Қараша 2010 (2)
- Қазан 2010 (2)
- Қыркүйек 2010 (1)
- Шілде 2010 (1)
- Маусым 2010 (2)
- Наурыз 2010 (2)
- Қаңтар 2010 (2)
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS