Ана бақыты:)))
13-іне қараған түні,ұйықтай алмадым.Өткен-кеткен өмірім көз алдымнан кинолентадай өтті.13 Наурыз менің алғаш ана болған ,қыздәурен шағымнан келіншек дәуіріне аяқ басқан күнім ғой.Бірақ міне 19 жыл өтсе де,көкірегімде барлығы сайрап тұр,дәл бір кеше болғандай барлығы.
Жәкең мені босануға ауылға ата-енем үйіне әкеліп тастады.Бірақ менде біраз патология болып,дәрігерлер емханаға 1 ай бұрын жатқызып тастады. 12 наурызда Жәкежан Алматыдан келіп,мені емханадан сұрап алды, бірақ үйге жетіп үлгермедік,менің толғағым басталды.Ал сол уақыттан есептегенде 20 сағаттан кейін ғана босандым.Түні бойы әкелген келіншектер босанып жатыр,мен болсам әлі қиналудамын. Кейін Өскеменнен санавиация шақырып,кесерево жасаймыз деген кезде,алла болысты ма,әлде аруақтар қолдады ма,орысша айтқанда *с горем пополам*,әкелдім ғой қызымды дүниеге.Баланы көріп үлгермей, шаршағаннан,талып қалыппын.Сөйтіп,мен ессіз жатқанда, әкесі қызын менен бірінші көріп қойыпты.
Кешке жақын өз өзіме келіп,кішкенені көрсетулерін сұрадым. Алып келді,дәл сол кезде бүкіл бойымды бұрын болмаған сезім баурап алды.30 минуттай бетіне қарап отырыппын.
Есім бергеніміз де қызық. Көп аттардан Малика мен Айсұлуды таңдадық. Ақыры Малика болды ғой. Жәкең Айсұлу деп атап,сұлу болмай кетсе қайтеміз деген аргумент айтты. Эх, жастық шақ десеші!
Маликаның достары көп,орыс,қазақ,қытай,япон дейсің бе,таң атпай телефон шалып,құттықтап жатты.Үйге барлық туыстар,достарымыз келді. Шын бақыт деген осы шығар!
Мен Маликаға ылғи айтамын: Қызым,саған әкең екеуміз қолдан келген бар жақсылықты жасадық,сенімен бірге тағы бір рет орта мектепті бітірдік(олай дегеніміз күнделікті сабақ тексердік қой:)тілдер оқыттық,5 жасыңнан күн сайын биге тасыдық,не керек дегеніңді әпердік,соның бәрі тең құрбыңның алды болсын дегеніміз деп.Орысша айтқанда,*всю душу вложили*))) Материалды жағына қарағанда, рухани бергеніміз көп.Біздің іске аспай қалған амбициямыз бен армандарымызды,қыздарымыз орындар,бірақ Айданаға Маликаға берілген рухани дүниенің жартысы да берілмеді. Бірақ тәрбиелеу принциптарымыз біреу болып,алдында үлгі болар апайы болғасын ба,әлде біз бар білгенімізді Маликаның миына артығымен құйғандықтан ба,әлде жас ұлғайған сайын сол бір ұмтылыс бәсеңсиді ма білмедім…
Мен қызымның жарқын болашағына сенемін.Өз өмірін бақытты етуге ақылы баршылық. Соған тәуба деп,кішкене құлыншағымның дені сау болып,біз алмаған асуларды алса, өз бақытын тауып,қиыншылықтардан мүдірмей өтсе деймін!
13 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
- Ана тілі
- Айқын
- Егемен Қазақстан
- Қазақбала
- Нұрғиса Асылбеков
- Эльвира
- Массолла
- Өрімтал
- Баян
- Аңсар
- Ақзере
- Аршат
- шалақазақ
- Гастарбайтер
- Мақпал
- Сәкен
- Томирис
- Дәурен
- Қазақбала
- Бекжан
- Жаңа Евразия
- Ақбантик
- Айнамекен
- Фотосурет
- Жанарбек
- Жәй қазақ блогер
- mergen
- Қазақия
- Арсенал
- Қосақ
- Bahtgul65\’s Blog
- Қалдықыз
-
Мұрағаттар
- Қаңтар 2011 (1)
- Қараша 2010 (2)
- Қазан 2010 (2)
- Қыркүйек 2010 (1)
- Шілде 2010 (1)
- Маусым 2010 (2)
- Наурыз 2010 (2)
- Қаңтар 2010 (2)
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
Иә, ана бақыты деген сол ғой, дендері сау болсын!
Қалеке,сәлеметсің бе? Бала-шаға аман болар. Иә, Маликаның 19-ға толғанына қуанып жатырмыз
Маликаның туған күні құтты болсын! Рухани дүние тозбайды ғой. Бүкіл өміріне сүйеніш қиын уақытта тірек болады, сізге қызығамын.
рахмет жақсы сөздеріңе
Өте жақсы жазылған, үлкен махаббатпен. Шынымен, әйел бақыты ана болу ғой. Қыздарыңыздын қызығын көруге жазсын!
Рахмет,Ақзере. Саған да ана болу бақытын тілеймін
Бақытгүл апай жақсы жазылыпты өте. ойыңызды нақты, анық жеткізген екенсіз
Рахмет
Tekti kyz tarbielegeninzge rahmet!
Өзіңе рахмет,балам
бірінші бала бәрібір де ерекше болып тұрады ғой. Ал кішкентайлар көбінесе өз-өзімен өсетін сияқты:)
Қанша ақылымызды айтып жатсақ та,шикілік те аз емес…Аман жүрсе болды да
Малика туған күнің құтты болсын! Аңсаған арманыңа жет, бақытты бол!