Жар болу…..
Біздің жанұямызда менен басқаларының туған күндері көктемде. Міне, Жәкеңдікі де келе жатыр,алла бұйырса 31 Наурызда 43 жасқа толады…
Өмірлік жарым туралы біраз сыр шертсем….
Танысқан кезде мен Алматыда жұмыс істеймін.Бір жолы Сәуле деген өскемендік дос қызымның туған күні болып,мені тойлауға шақырды.Кімдер болады деген сұраққа: Мед пен СХИдің студенттері деді.Келесі күні филиалда кезекші едім:бармай-ақ қояйыншы,контингент те кілең студенттер екен,маған қызық болмас деп едім,Сәуле бұлқан-талқан болды. Көрмей,білмей кетемін деп.Амал жоқ,әлгі туған күнге бардым.Қайта-қайта биге шақыра берді бір ұзын бойлы,сары бала.Нешінші курста оқисың деп едім,армиядан келдім,3 курста оқимын деді.Мүлдем бала екен деп қойдым ішімнен,өзім 20 жасымда ЖОО бітіріп,22 жасымда қазіргі Медеу аудандық *Алматыавтоматторгтың *филиалдың бастығы болып қызмет атқаратынмын.Тіпті 1-2 жігіт сол кезде сөз де айтып жүрген.
Тойладық, таныстық,рестораннан кейін біреудің үйіне барып жалғасытырдық,түні бойы биледік,таң ата мен такси шақырып,жұмысқа кеттім.Тіпті жаңа таныстарымның аттарын есіме де сақтамаппын.
Бір күні жұмыстан үйге жиналып жатқанмын,түрлері таныс екі бала келіпті.Жәкежан мен Қайрат:))) Вечеринка болады,подружкаларыңды ал,кеттік деп. Мен бармаймын деп әлек,олар шақырып болмайды.Алия,Дина деген алматылық қыздарға телефон соғып едім,Алияның сол кезде Жигули 6-касы бар(сол кездегі ең күшті тачка),жетіп келді.Сөздің қысқасы: сол кеште Алия Қайратқа,Дина Жәкежанға ғашық болып қалды.Қыздар күнде звондайды,ана студент балалар бір жерге шақырса,бізді бірге ал деп.
Осыларды қосамын деп жүріп,өзім де Жәкеңе ғашық болып қалыпппын…Ең қызығы,оның да көзі әу бастан маған түсіпті…Шынымен,осынша жыл өтсе де,талай рет оған ренжісем де,көптің ішінен дәл Жәкежанды таңдағаныма өкінбеймін.Ондай дұрыс адам аз шығар, білгені көп, тәрбиелі,әр нәрсеге өз көзқарасы,өз ойы бар. Мен сияқты елмен тез тіл табыса алмайды,бірақ ұнатқан адамы оған,орысша айтқанда,и бог,и царь… Қыздарын өліп жақсы көреді,кеш сайын барып,иіскеп,сүйіп жүреді.Қыздар өсті,енді сен есік қақпай кірме,ұялады сосын десем,менің тышқандарым маған әлі кішкене дейді…
Бір-ақ нәрсе үшін қынжыламын: ұлым жоқ…талай рет,балалар үйінен алып алайықшы деп едім,көнбеді…
Алматыдағы жұмысымды, малосемейка үйімді тастап(ол кезде приватизация деген жоқ),артынан еріп кеттім ғой ауылға. Соның барлығы да Жәкеңе деген махаббат қой..4 қыздың үстіне барып,қайынбикелерім ол кезде тұрмыста емес,олардың екпіндеріне шыдағаным да жақсы көргенім деп білемін.Бастапқы 2 жыл тұрмыста болғанда,қанша провакация болса да,аузымды ашпадым,Жәкеңді ренжітпейін деп.
Енем қазір шешемдей ғой,бір күн көрмесек сағынып тұрамыз, бірақ бастапқыда бұлай болмап еді.Талай сыннан өттік ғой.
Бірде Гүлнәр деген қайынбикем мені қатты ренжітті,мен Жәкежан жоқта,оған айтпай-ақ,Маликаны алып,ауылға кетіп қалдым.Сонда анам айтты: қызым,мен саған ол баланы тауып берген жоқпын,өзіңнің таңдауың, біреудің жалғыз баласы,обалына қалма,қыздар ертең тұрмысқа шығады да кетеді,ата-енеңді сыйлап,сонда тұра бер.Соған да ақылың жетпеді ме деді.
Қазіргі кезде ғой,бір сөзге келмей жастар айырылысып жатады.Қыздардың аналары ,оларды ути-пути демей дұрыс жолға қойса,айырылысқандар саны аз болар еді.Жас отау болғанда қиыншылық көп қой…
Баларымның әкесі,сүйікті жарым,өмірлік досым Жәкежан туралы жазарым көп.Алла денсаулық беріп,жетістіктен жетістікке жете берсінші.Бар арманы орындалсын.Қыздары бақытқа кенелтсін. Мен де қасында жүре берейін,солай ғой,халайық!

12 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
- Ана тілі
- Айқын
- Егемен Қазақстан
- Қазақбала
- Нұрғиса Асылбеков
- Эльвира
- Массолла
- Өрімтал
- Баян
- Аңсар
- Ақзере
- Аршат
- шалақазақ
- Гастарбайтер
- Мақпал
- Сәкен
- Томирис
- Дәурен
- Қазақбала
- Бекжан
- Жаңа Евразия
- Ақбантик
- Айнамекен
- Фотосурет
- Жанарбек
- Жәй қазақ блогер
- mergen
- Қазақия
- Арсенал
- Қосақ
- Bahtgul65\’s Blog
- Қалдықыз
-
Мұрағаттар
- Қаңтар 2011 (1)
- Қараша 2010 (2)
- Қазан 2010 (2)
- Қыркүйек 2010 (1)
- Шілде 2010 (1)
- Маусым 2010 (2)
- Наурыз 2010 (2)
- Қаңтар 2010 (2)
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
қыз бала әке-шешесіне емес, ата-енесіне тартып туады дейді ғой. Енеңіз екеулеріңіздің мінездеріңіз ұқсас шығар
Мақпал,екеуміз бір күнде туғанбыз,6 ноябрьде,мүмкін ұқсайтын да шығармыз
жазбаңыздан да Жан жарыңызға деген сезім аңқып тұр.
Ұзағынан сүйіндірсін, сары тісті, ақ шашты қариялар болыңыздар, немере-шөбере сүйіңіздер, туған-туыстың арасында күліп-ойнап жүріңіздер
Балдырған,көп рахмет. Қыздарым мен менің асқар тауымыз ғой Жәкең…
Қандай бақытты жансыз!
))
Сізге аяулы жар, ақылды қыз берген Алла сізді шын сүйеді екен. Тәте бақытыңыз баянды болсын!
Рахмет,Мақпал,сенің де бақытты болатыныңа 100 пайыз кепілдік беремін!!
Өткен туған күні құтты болсын. Өте жақсы жазыпсың, маған ұнады. Әдебиетші болатын адамсың ғой.
Қалеке,сәлемет пе? Рахмет,саған ұнаса,мен қуаныштымын. Мен жарнамадан да кетіп,халал кафе аштым ғой.Уақыт мүлдем болмай жүр.
жазбаңызды оқып, көз алдыма өзімнің әке-шешем келді:) біз де кілең қыздармыз жанұяда. Қыздар арасында кейде Әкемізге де көңіл бөле алмай қаламыз, бірақ та қыз бен әке арасындағы махаббат сырлы да ерекше ғой:)
Айжан,қош келіпсің блогыма. Әке жөні бөлек.Анашың досың ғой,ал әке деген асқар тау,ірі,кесек тұлға ғой.Қуантып жүр!
Иә,Бақыт апай, бүгін блогыңызда бірінш рет қонақта отырмын. Қыз баланың көкейіндегі,жалпы оқырман ой-торабындағы сұрақтарға жақсы жазбалар тіркепсіз. Жан-дүниеңіздің әдемілігі айқайлап-ақ осы блогыңыз арқылы айтып тұр. Мынау,жан жарыңызға арнап жазғаныңыз да керемет.Нағыз әйел бақыты сізде деп ойлаймын! Жолыңызды берсін,артыңыздан ерген сіңлілеріңізге!
Көп рахмет.Келіп жүр қонаққа. Егер менің шатпақтарым,бір кәдеге жараса,жақсы-ақ болар еді)))