Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Мерейің үстем жолсын,Нұржан!

Ешбір адам алдыңғы өмірінің қалай болатынын болжап,білмейді ғой. Дегенмен…Раушан есімді апайым бар,кішірек кезінен құлағы естімей қалған,бірақ алла бір нәрсені алса,басқасын молынан береді ғой,биотогы күшті,емдейді,бал ашады. Бірақ көп жұртты емес,өзімізді…бұрын ауылда тұрғанда,ауыл адамдарын.Ата-анам жәрімжан болып қалғасын,енді бұл қалай өмір сүреді,қандай мамандықты меңгереді деп қатты қайғырған ғой кезінде. Көп ойланып,әйтеуір еден жумайды,массаж жасап ,ақша тапқан дұрыс,таза да сауабы болар нәрсе деп шешіпті.
Осы жолы Алматыдан келгенде:Бақытгүл,сенің үйіңде жаңа адам көріп тұрмын,Жәкежанға серік бала деді. Мәссаған,Малика тұрмысқа шығамын десе қайтем деп қорқып қалдым. Сұрап едім,”мам,қайдағы,Универді мен үшін кім бітіреді деді”… уффф дедім,менің дүниеге ұл әкелуім,фантастикамен ұшасатынын білемін ғой)))
Ертеңінде кафеде тұрсам, бір балалар келіп ас ішті.Кетіп бара жатып біреуі:”Апай,менің қарындасым жұмыс іздеп жүр еді,жұмыс жоқ па?” деді.Мен аты-жөнін жазып алдым,қажет болса телефон соғамын деп. Сөйтіп тұрып,әңгімелесіп кеттік. Нұржан Қытай жақтан көшіп келген бала,22 жаста,студент екен.”Апай,өзім де осы сияқты кафе ашайын десем, құжат жағына шорқақпын,орысша білмеймін,ал мына жақта қазақтар да орысша сөйлейді ” деді. Алып кел докуметтеріңді,мен болысайын дедім жап-жас қазақ баланың талаптанып тұрғанына іштей қуанып.Ертеңінде қалалық әкімшілікке де алып бардым.Ал бір күні екінші қарындасын ертіп келді,ЖенПиде оқиды екен,каникулға келіпті,туффф…осындай да әдемі қыз болады екен ғой…Тартымды,биязы,ұяң-нағыз қазақ қызының эталоны. Осындай балалары бар ата-ана қандай бақытты деп едім. “Апай,ата-анам да қайтыс болған,осы 2 қарындасымның менен басқа тірегі жоқ” деді.Сөйтсем,осы жаққа көшіп келгеннен кейін алдымен аналары,кейін әкелері қайтыс болыпты.Анамның басын көтердім,енді әкемнің басын көтеріп,жылын беруім керек деді.Іштей аясам да,білдірмедім:”Нұржан,бәрі жақсы болады,мойыма,мына 2 қарындасыңа бас бол ” дедім.
Тағы бір күні келді. “Апай,жәй сізбен келіп амандасып,біраз отыра тұрғым келді,сондай шаршап кеттім,сізді көрсем анамды көргендей боламын” деді. Тамақ берейін деп едім,ішпей қойды.Қытайда тұратын ағайындарымыз бар,телефон соғып,қайтыңдар деп жатыр,ата-анамның сүйегі осында жатыр,мен оларды қалай тастап кетемін,екі қарындасым елді,туыстарды сағынып жылайды. Қайтерімді білмеймін деп мұңын айтты.Қыс бойы жұмыс істедім,степендиямды қарындастырыма бөліп беріп.Қазір стройкада істеймін,жаңа мастермен келіспей қалдым,орыс,тілім жетпейді түсіндіруге,мен кінәлі емес едім деді.Өзімше демеу болған болдым. Жап-жас бала ғой…эх,дүние-ай десеңші!
Жәкеңе айтып,таныстырдым.Өзім сияқты Керей екен,Бақытгүл,мына балаға құдай береді,талапты,ақылы көп,көмектесейік,әкесінің жылын өткізуге болыс деді.

Түпкі айылдын батқанын,
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер деп дана халық қалай айтқан. Жат емес қой Нұржан бізге.Әлгі Раушан апайымның айтқаны келді.
Кішкене қиындыққа төзбей,үлкен ер-азаматтар араққа салынып жатады. Мына жап-жас баланың талабы,қиындыққа бас ұрмағаны,1-3 ақ жас үлкен бола тұра,қарындастарына бас-көз болғаны қуантады мені.
Мерейің үстем болсын,Нұржан, дегім келеді…..

Маусым 21, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 8 пікір

ЖАЗ ДА КЕЛІП ҚАЛЫПТЫ ҒОЙ….

Мәссаған,мен блогымда ақырғы рет наурызда болыппын ғой….
Шынымды айтсам,содан бері бірінші рет демалыс алдым. Жаңа бизнес жүргізуді үйренемін деп, тіпті ұйықтауға да уақытым болмады:)))
Өскеменде алғашқы халал-кафе аштым.Шарап пен темекі сатпай-ақ ақша табуға болады екен,соны білдім. Ең қызығы-сонша жыл өз ісімді ашуға неге қорыққанымды түсінбеймін. Менің жазғанымды оқып отырған қыздар мен жігіттерге берер ақылым: ештемеден қорықпай,өз істеріңмен айналысыңдар! Есеп,бизнес жоспар жасап алсаңдар,біраз қаражат болса қолда (тек кредит алмаңдар,бәрі соған кетеді) бастап кетіңдер.
Жәкеңнің туған күнімен аяқтаппын жазбаларымды,соған күліп отырмын. Үйдің кішкенесі болғанша,иттің күшігі бол дегендей,Айдананың 12 жасқа толғаны елеусіз қалыпты. Менің кішкене ғана құлыным сол!!!Жақында “Кішкене шығыс аруы” байқауында 1-вице мисс болды.
Өсіп келеді,қыз болып.Күннен күнге кісіні таңқалдырып. Бірнәрсе сұраса,ойланып барып жауап беретін болып жүрмін).Айдока!Барлық бақыт сенің еншіңде болсын,менің алтыным.Сабағыңды жақсы оқы,қай талпыныста болсын,жолың болсын,алла тағала талап та,бақ та берсін !
Кафеде кейде кісі болмағанда біраз әңгімелер жазып қойып едім,алла жазса,теріп,жақында қоярмын..
Өз қалдарыңыз қалай болып жатыр,құрметті блогшылар? Малика кездесу болды деп жүр еді… Біз сияқты үлкендер болды ма? Қай жерден оқуға болады? Кім ұйымдастырды?

Маусым 5, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 3 пікір

   

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.