УАҚЫТТЫҢ ТЕЗ ӨТКЕНІ-АЙ….
Кеше қызым екеуміздің арамызда бір терең әңгіме болды…Жүректің бір пернелерін қозғап кетті ме,ойларымды қағазға түсіре салғым келді.
Ақырғы кездері қыздарыммен сөйлесуге де уақытым бір болмады,жұмыс,жұмыс деп.Ана болған соң,бала жанын түсіне біліп,қажет кезде көмекке келу керек,ашық сөйлесіп,қандай да сұрағы болса жауап беріп,ақыл айту керек.Қызға қырық жерден тиым деген дана халық, ,бірақ “негізгі мұны істеуге болмайды” деген анадан болуы керек деп ойлаймын. Маликаның біртүрлі болып жүргенін байқап қалып,не болды екен деп ойлап ,бірақ өзінің айтпауына қарап әлі піспеген тақырып екенін сезіп,үндемедім.Әңгімені өзі бастады.”Мама,саған бір сайттардың сілтемесін беремін,оқышы,сосын әңгімелесеміз” деді.
Бергені дін,ислам,Құран туралы сайттар екен. Бәрін бір сәтте оқу мүмкін бе? Біразын оқыдым,білмейтінім көп екенін білдім…ойланып қалдым.
Еее,қызымның жүрген ортасында намаз оқып,мұсылман болып жүрген адам жоқ,не де болса осы ғаламтордан келген нәрсе екенін түсіндім.Иманды,инабатты,тәртіпті болғаны маған да жақсы, бірақ Исламда қыздарға деген қаталдық та көп қой. Хиджаб кию,ерінің айтқанынан шықпау( біз енді керек кезде әдемілеп тұрып ұрсысып аламыз ғой
)))… ең жаманы көп әйелдің біреуі болған ғой.
Мини киіп,ойындағысын бүкпей сөйлеп,ашық көйлекпен билеп өскен қызға Исламды таңдаған қалай болады екен?Бірақ,”жaқсының жаттығы жоқ” деген де бар.
Ойларыңды білейін деп едім….
-
Recent
-
Links
- Ана тілі
- Айқын
- Егемен Қазақстан
- Қазақбала
- Нұрғиса Асылбеков
- Эльвира
- Массолла
- Өрімтал
- Баян
- Аңсар
- Ақзере
- Аршат
- шалақазақ
- Гастарбайтер
- Мақпал
- Сәкен
- Томирис
- Дәурен
- Қазақбала
- Бекжан
- Жаңа Евразия
- Ақбантик
- Айнамекен
- Фотосурет
- Жанарбек
- Жәй қазақ блогер
- mergen
- Қазақия
- Арсенал
- Қосақ
- Bahtgul65\’s Blog
- Қалдықыз
-
Мұрағаттар
- Қаңтар 2011 (1)
- Қараша 2010 (2)
- Қазан 2010 (2)
- Қыркүйек 2010 (1)
- Шілде 2010 (1)
- Маусым 2010 (2)
- Наурыз 2010 (2)
- Қаңтар 2010 (2)
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS