Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

УАҚЫТТЫҢ ТЕЗ ӨТКЕНІ-АЙ….

Кеше қызым екеуміздің арамызда бір терең әңгіме болды…Жүректің бір пернелерін қозғап кетті ме,ойларымды қағазға түсіре салғым келді.
Ақырғы кездері қыздарыммен сөйлесуге де уақытым бір болмады,жұмыс,жұмыс деп.Ана болған соң,бала жанын түсіне біліп,қажет кезде көмекке келу керек,ашық сөйлесіп,қандай да сұрағы болса жауап беріп,ақыл айту керек.Қызға қырық жерден тиым деген дана халық, ,бірақ “негізгі мұны істеуге болмайды” деген анадан болуы керек деп ойлаймын. Маликаның біртүрлі болып жүргенін байқап қалып,не болды екен деп ойлап ,бірақ өзінің айтпауына қарап әлі піспеген тақырып екенін сезіп,үндемедім.Әңгімені өзі бастады.”Мама,саған бір сайттардың сілтемесін беремін,оқышы,сосын әңгімелесеміз” деді.
Бергені дін,ислам,Құран туралы сайттар екен. Бәрін бір сәтте оқу мүмкін бе? Біразын оқыдым,білмейтінім көп екенін білдім…ойланып қалдым.
Еее,қызымның жүрген ортасында намаз оқып,мұсылман болып жүрген адам жоқ,не де болса осы ғаламтордан келген нәрсе екенін түсіндім.Иманды,инабатты,тәртіпті болғаны маған да жақсы, бірақ Исламда қыздарға деген қаталдық та көп қой. Хиджаб кию,ерінің айтқанынан шықпау( біз енді керек кезде әдемілеп тұрып ұрсысып аламыз ғой :) )))… ең жаманы көп әйелдің біреуі болған ғой.
Мини киіп,ойындағысын бүкпей сөйлеп,ашық көйлекпен билеп өскен қызға Исламды таңдаған қалай болады екен?Бірақ,”жaқсының жаттығы жоқ” деген де бар.
Ойларыңды білейін деп едім….

Шілде 16, 2010 - Жариялаған: | жанұя, өмір

11 пікір »

  1. Аллаһ қаласа, кез-келген адамды өзі танымастай қылып өзгертеді.

    Аллаһ Аллаһты ұмытқан адамдарға өзідерін ұмыттырып өояды екен. Сол себептен болса керек қазіргі кездегі әйелдердіміздің әйел, ерлеріміздің ер болудан қалғаны.

    Пікір жіберуші Аман | Шілде 16, 2010 | Жауап беру

    • Аман,пікіріңе рахмет.Жалпы дұрыс өмір сүруге тырысамын.

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Шілде 17, 2010 | Жауап беру

  2. Сіздің мына “Исламда қыздарға деген қаталдық та көп қой. Хиджаб кию,ерінің айтқанынан шықпау” сөздерден кейін пікір қалдырмай кете алмадым.

    Ешқашан пайғампарымыз Мұхаммед С.Г.С нің Хадиша анамызға ұрсқаны, қатты сөз айтқаны тұралы мен еш бір жерден оқығам жоқ. Демек мұсылман қыздар ең бақытті жандар егер. Сондықтан қызыңыз діңе бетбұрсу дұрыс істеген. Бірақ дұрыс ресурстан оқып білім алу қажет, мен өз басым интернетке сене бермеймін. Сондытан білімді оқыған, сенімді, айтатын, айтқанын өзі істейтін адамдардан исламды үйренге дұрыс.

    Жалпы шығыспен бастысты біраз араладым, 10 жыдай өмірім шетелде өтті. Сонда көргенім қай ел, қай дінде болсада бақытты отбасы еркекепен әйелдің бірін бірін силаудан басталатынын көзім жетті.
    Еркегінің сөзінен шықпау деген жаман нәрсе емес, бұл деген силастық. Ал еркегіде соған жарай болу қажет деп ойлаймын.

    Пікір жіберуші janarbek | Шілде 16, 2010 | Жауап беру

    • Жанарбек,әрине,бақытты отбасында әйел мен еркек арасында сыйластық пен бірлік болу керек.Менің ұрсысып аламын дегенімді дұрыс түсінбедіңіз ғой деймін,ол жәй күлкі үшін жазылған сөз ғой.Қандай нәрсенің де өлшемі бар ғой,содан ешқашан асқан емеспін.
      21 жыл жүрміз ғой еріміздің көлеңкесі болып.Талай жақсы ұсыныстар болып еді карьера жасайтын,Жәкеңнің “жоқ” деген бір сөзінен-ақ қойғанмын. Бірақ өкініш жоқ. Алла алдындағы шыным осы.
      Сонымен,қызымның таңдауы дұрыс дейсіз ғой?

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Шілде 17, 2010 | Жауап беру

  3. Таныс апайымның екі ұлы бар. Кенжесі де биыл үйленді. Жолдасы да, балалары да намаз оқиды. Келіндері де. Соларды түсіну үшін апайым да дінді зерттеп жүр. Апайыма: “Осы уақытқа дейін бұлардың қай қылығы дұрыс, қай қылығы бұрыс деп күдіктенгенше өзіңіз де тура жолға келсеңізші” деп қоямын. :)

    Жанарбек ағамыздың сөзіне келісемін. Ислам дінінде әйелдің мәртебесі жоғары. Тек ең қиыны дінді дұрыс түсіне білу, ислам – өмір екенін мойындау. Бастысы соңғы кездері мұсылман болу деген сәнге еріп кетпей, шын жүрегімен хақты қабылдаса, қорқудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Десе де Сізді бұл жайттар қатты мазалайтынын ұғып отырмын.

    Жасым кіші болғандықтан әрдайым пікірім сіз үшін баланың пікірі болып қалмақ. Дін мәселесіне келгенде үлкендер үнемі сөйтеді :) Бұл тақырыпта пікірді өзіңіз қатарлы ұл-қыз тәрбиелеп отырғандардан сұрасаңыз да жақсы болар еді.

    Пікір жіберуші urimtal | Шілде 17, 2010 | Жауап беру

    • Асхат,көп жасаған білмейді,көп көрген біледі дегендей,сенің пікірлеріңе үнемі құлақ салып жүремін.Рахмет пікірлеріңе.Сол үлкендер Кеңес деуірінен шыққан,кілең өзім сиқтылар(
      Осы жастардың білетіні көп қазір

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Шілде 17, 2010 | Жауап беру

  4. Енді қызыңмен дұрыстап сөйлесіп, өзің шешесің ғой. Қазір былай, содан былай болып жатқан уақыт. Өзіміздің дәстүрлі дінімізді ұстап, қазақтың қызы деген атпен жүргені дұрыс деп ойлаймын.

    Пікір жіберуші Қосақ | Шілде 19, 2010 | Жауап беру

    • меніңше де ,не де болса өз шешімін күтудемін ,ең дұрысы сол болады…

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Шілде 20, 2010 | Жауап беру

  5. Тәте менің пікірім ештеңені өзгерте қоймаса да жазғым келіп кетті. Жалпы мен Исламға өзі келген адамдарды жақсы көремін, ол дегенім біреудің айдауы не болмаса үгіт насихаты, болмаса сүйрелеп алдап әкелеген емес, шын ниетімен, Исламды түсініп келген білімі барлар. Қазір түрлі ағымдар көбейіп, ешкімнің де үгіт насихатына сенбеген жөн. Кеңес дәуірінде жақсы еді, ешкім ешқандай сектаға тартпайтын. Ислам деп алып, басқа арнаға алып кететіндер де бар. Мен кішкентайымда папам мешітке имамнан араб тілін үйренсін деп берген. Тым жақсы үйрендім, бірәқ ұмытып қалдым сол кезде ақ. Оныншы класста оқып жүргенімде мамаммен бірге намаз үйрендім. Мені ешкім мәжбүрлеген емес, өзім таза ниетіммен үйренгенді ұнатамын.

    Пікір жіберуші Kaldykyz | Тамыз 5, 2010 | Жауап беру

  6. сіздің қызыңыздың жағдайына бей-жай қарай салмай, ізденіп, шын ниетіңізбен түсінуге талпынып жатқаныңызға, қазіргі жастардың, яғни қызыңыздың ортасын түсінуге талпынысыңызға қызығып отырмын. Өзімнің анам да сондай:) ұқсайтын жерлеріңіз көп екен.
    Ал дін, хиджап мәселесіне келгенде, өзімнің ойларым да сан тарапқа кетеді. Өз басым, (жасым сіздің қызыңызбен щамалас болатын шығар) қашанда бір нәрседен шектетіліп, “болмайды” дегенді (ата-анамнан болсын) естіп көрмеппін. Сондықтан әлі де оқып білу керек.
    Бірақ қазірше ең бастысы,жүрек тазалығы, жүрек имандылығы деп ойлаймын. Ал орамал кию негізі шариғатта жазылғаннан соң, оған ертең бе бүгін бе келеміз деп ойлаймын. Әлі де пісіп-жетіліп алу керек деймін. Көп айтып кетсем, кешіріңіз:)

    Пікір жіберуші Айжан | Қазан 18, 2010 | Жауап беру

    • Айжан,ақылды қыз екенсің!

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Қазан 23, 2010 | Жауап беру


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.