Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

КІМ КІНӘЛІ?

Әр адамның өмірінде өте жауапты кезеңдер болады ғой,меніңше мамандық таңдау мен жар таңдау соның ең маңыздысы. Былтыр бір достарымыздың қызын отыз күн ойын,қырық күн тойын жасап шығарып салған едік,бүгін үлкен ұрыс-керіспен қайтып келіпті.Құрбым телефон соғып,қайта-қайта шақырған соң, барған едім,көңілім құлазып қайттым үйге. Өзім де қыз өсіріп отырған соң,жүрегім қас жарылды. Менің қыздарымды қандай өмір күтіп тұр,белгісіз,уақыт болса өтіп жатыр, бізді де бір межеге жақындатып.
Айжан құрбымды тыңдап отырып,оның қателерін іштей санап отырдым.
Біріншісі,қызына тек ауқатты жігіт таңда дегені.Мүмкін біреулерге асқан байлық жағатын шығар,дәл Жәкең екеумізге тек өзіміздің терімізбен тапқан табыс ғана жағады.Дәл біз ауылға келгенде жас мамандарға үй берілмейтін болып,тіпті бірінші үйімізді де өзіміз алған едік.Сол алған стартпен келеміз ғой,тоқтамай:)))Әйтеуір көштен қалмадық. Мен қыздарыма ешқашан,тек бай жігіт таңда деп көрген емеспін. Ақылды,парасатты,өзіне сенімді,қыздарымды сыйлап,сүйетін адам кезіктірсе -содан асқан бақыт бар ма?Ал құдалармен сыйластықтың өзі бір ғанибет қой….
Екіншісі,қызына тоқтау айтпағаны. Шыда деген бір сөзі ғой.
Үшіншісі,тек ғана күйеубаланы жазықты қылып,өз қызына шаң жуытпай отырғаны.Осындай ұрсыс-керісте,екі жақ та кінәлі екенін түсінбегендігі.Ол да біреудің жалғызы және ерке тоты:”Сен кетсең, басқасын аламын,қайта бер” деген ғой. Ашуланғанда кім не демейді,жастықтың максимализмі ғой. Сол сөздерге жеткізбей-ақ қою керек еді ,қасарыспай(((((
Төртінші,сабыр сақтап,дөңгелек стол басында бар жағдайды шешпей,түн ортасында құдаларға телефон шалып,көрместей болып ренжіскені….
Өз басыңның проблемасы болмағасын ,сараптама жасау оңай шығар,бірақ бұл: келінім саған айтам,қызым сен тыңданың кебін кигенмен бірдей болды. Айжанның өз шындығы өзінде болып отырғасын, бұл жазғандарымды айтпадым. Мүмкін кейін, біраз уақыт өткен соң болмаса. “Уақыт өтсін,қоя тұр, бірақ құдаларыңнан кешірім сұра,Рамазан айы,Ораза ғой” деп едім, ренжи бастады: “Олар сұрасын,қызымды ұлдары ренжітті “деп. Қызына айтып қояды,әлі одан да байын табамыз,одан арман кетсін деп(
Туууй,саған дауа жоқ екен деп қайттым үйге.Айдана ауырыңқырап тұр еді,жатып қалыпты мен келгенше. Қайран уақытым қор болған(((

Қыркүйек 8, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 11 пікір

   

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.