КІМ КІНӘЛІ?
Әр адамның өмірінде өте жауапты кезеңдер болады ғой,меніңше мамандық таңдау мен жар таңдау соның ең маңыздысы. Былтыр бір достарымыздың қызын отыз күн ойын,қырық күн тойын жасап шығарып салған едік,бүгін үлкен ұрыс-керіспен қайтып келіпті.Құрбым телефон соғып,қайта-қайта шақырған соң, барған едім,көңілім құлазып қайттым үйге. Өзім де қыз өсіріп отырған соң,жүрегім қас жарылды. Менің қыздарымды қандай өмір күтіп тұр,белгісіз,уақыт болса өтіп жатыр, бізді де бір межеге жақындатып.
Айжан құрбымды тыңдап отырып,оның қателерін іштей санап отырдым.
Біріншісі,қызына тек ауқатты жігіт таңда дегені.Мүмкін біреулерге асқан байлық жағатын шығар,дәл Жәкең екеумізге тек өзіміздің терімізбен тапқан табыс ғана жағады.Дәл біз ауылға келгенде жас мамандарға үй берілмейтін болып,тіпті бірінші үйімізді де өзіміз алған едік.Сол алған стартпен келеміз ғой,тоқтамай:)))Әйтеуір көштен қалмадық. Мен қыздарыма ешқашан,тек бай жігіт таңда деп көрген емеспін. Ақылды,парасатты,өзіне сенімді,қыздарымды сыйлап,сүйетін адам кезіктірсе -содан асқан бақыт бар ма?Ал құдалармен сыйластықтың өзі бір ғанибет қой….
Екіншісі,қызына тоқтау айтпағаны. Шыда деген бір сөзі ғой.
Үшіншісі,тек ғана күйеубаланы жазықты қылып,өз қызына шаң жуытпай отырғаны.Осындай ұрсыс-керісте,екі жақ та кінәлі екенін түсінбегендігі.Ол да біреудің жалғызы және ерке тоты:”Сен кетсең, басқасын аламын,қайта бер” деген ғой. Ашуланғанда кім не демейді,жастықтың максимализмі ғой. Сол сөздерге жеткізбей-ақ қою керек еді ,қасарыспай(((((
Төртінші,сабыр сақтап,дөңгелек стол басында бар жағдайды шешпей,түн ортасында құдаларға телефон шалып,көрместей болып ренжіскені….
Өз басыңның проблемасы болмағасын ,сараптама жасау оңай шығар,бірақ бұл: келінім саған айтам,қызым сен тыңданың кебін кигенмен бірдей болды. Айжанның өз шындығы өзінде болып отырғасын, бұл жазғандарымды айтпадым. Мүмкін кейін, біраз уақыт өткен соң болмаса. “Уақыт өтсін,қоя тұр, бірақ құдаларыңнан кешірім сұра,Рамазан айы,Ораза ғой” деп едім, ренжи бастады: “Олар сұрасын,қызымды ұлдары ренжітті “деп. Қызына айтып қояды,әлі одан да байын табамыз,одан арман кетсін деп(
Туууй,саған дауа жоқ екен деп қайттым үйге.Айдана ауырыңқырап тұр еді,жатып қалыпты мен келгенше. Қайран уақытым қор болған(((
11 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
- Ана тілі
- Айқын
- Егемен Қазақстан
- Қазақбала
- Нұрғиса Асылбеков
- Эльвира
- Массолла
- Өрімтал
- Баян
- Аңсар
- Ақзере
- Аршат
- шалақазақ
- Гастарбайтер
- Мақпал
- Сәкен
- Томирис
- Дәурен
- Қазақбала
- Бекжан
- Жаңа Евразия
- Ақбантик
- Айнамекен
- Фотосурет
- Жанарбек
- Жәй қазақ блогер
- mergen
- Қазақия
- Арсенал
- Қосақ
- Bahtgul65\’s Blog
- Қалдықыз
-
Мұрағаттар
- Қаңтар 2011 (1)
- Қараша 2010 (2)
- Қазан 2010 (2)
- Қыркүйек 2010 (1)
- Шілде 2010 (1)
- Маусым 2010 (2)
- Наурыз 2010 (2)
- Қаңтар 2010 (2)
- Қазан 2009 (2)
- Шілде 2009 (8)
- Маусым 2009 (9)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
Ya kazir kyzdar turmyska shygam dese jigitin bai ma,kim bop isteidi dep suraidy uindegiler. Onyn imany, adamgershiligi kyzyktyrmaidy. Artynan ozderi tayak jeidi..
Myrza,енді сұрамай))))Қандай ата-ана болсын білгісі келеді. Сенен де сұрайды қызың бай ма,кім болып істейді деп. Қара да тұр)
Jok surasa surasyn. Tek kyzdarynyn bakytyn akshaga tirep koyatyndardy aitam da. Palenshenin kyzy bir aukatty jerge shygypty,bagy ashyldy degen osy da dep jatatyndaryn kaitesin…
Қиын…
Бір емес бірнеше достарымның арасында ажырасу мәсәлесі бой көтергенін естігенде төбе шашым тік тұрады…
Асхат,сәлеметсің бе.Өмір болғасын ондай жағдайлар бола береді,қамықпа,сүйіп қосылған болса,бір шешімін табады достарың.Өз тәжірибемнен айтайын,жанұя бірлігі әйелдің қолында.Айырыласа салу ең оңайы,құрған жанұяңды сақтап қалу ең қиыны.Осындайда басу айтатын үлкендер болғаны да абзал,жоғарыда жазғанымдай одан ары қарай үдетпей,ақырын ғана сол өртті өшіре салатын…
Иә, үй-ішінің бірлігі әйелдің қолында. Бұрын “қайтып келген қыз жаман” деп, қор саналушы еді, қазір басқаша болып тұр ғой. Қазақтың қазақ болуы да әйелдерге байланысты деп ойлаймын.
Сәлеметсің бе,Қалеке.Сенің пікіріңе толық қосыламын.Қайтып келдім деп тұрған жоқ кейбір қыздарың…
“Атам апамның төбесін тесіп, тепкілеп, есіктен шығарып жіберсе де, босағадан тарс ұстап алып кетпеймін” дейді екен деп құрбым айтып еді. Сондай соққыдан кейін де шалын жақсы көріп жүре берген “ер” апаларды айтсаңызшы. Қазір болмашы сөзді көтере алмай ажырасып жатады.
Мақпал,амансың ба,жақсы қыз?
)))
Бұрынғы кезде шалдардың кемпірлерін ұруы “мода” болған. Қазір ондай жоқ:сот,полиция,БҰҰ дегендей
Тағы да бір себептердің қатарына, адамды танымай жатып тұрмысқа шығуды қосар едім. Менің құрбыларымның кейбірі ерте тұрмысқа шығып, онда да көп жүрмей, білмей шыға салған. Кейін оның шынайы келбетін көре бастағанда ажырасудан басқа амалдары қалмады. Содан кейін ажырасудың тағы себептеріне негізсіз қызғануды жатқызуға болады. Көбіне даудың басы осы бір жын сезімнен басталады д.о.
Ақзере,иә, бұл да бір келеңсіз нәрсе. Дегенмен…. қай қыз болсын,алдыңғы өмірім қалай болады,осы жігітті таңдасам,өмірдің ащысы мен тұщысын менімен бірге бөлісе алады ма деп барып ғана,семья құру керек деп ойлаймын.