Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Қыздарға

Жаз.Сұлулық салонында отырмыз.Мен 4 сағаттай уақытқа келгендіктен,кітап ала келгенмін. Бірақ оқуға мастер қыздардың бір дос қызының сауысқанша саңқылдағаны кедергі бола берді.Кітаптың енді қызық жерін оқиын десем,жаңағы Сауле деген қыздың сөздері еріксіз басымды бұрғыза берді.Түсінгенім:ол бүгін бір ұнататын жігітпен кешкі сағат 18-де кездесуге бармақшы екен. Соған 2 күн бойы дайындалуда екен. Шашын қиғызып,мелирование,аяқ-қолына маникюр,педикюр жасатыпты. Ал қазір бетін тазалап,макияж жасамақ көрінеді. Бірақ айтатыны:оған ғашық қыздар көп,менің мына жасаған прическам онша емес,биік каблукпен жүре алмаймын,жайдақ табан кисем,одан бойым көп кішкене болып қалады. Тыңдасаң 1000 кедергі… Шыдамадым ақыры.Сауле,-дедім,-сен кездескелі жатқан балаға бәрібір ұнамайсың.Ол сенің 2 күн дайындалып,шаршағаныңды байқамайды да….
Мастер қыздар таң қалып,істеп жатқан істерін қойып,маған бадырайып қарап қалыпты.”Неге,ол сондай әдемі ғой”,-деді менің шашымды бояған мастер. “Ол өзіне-өзі сенбейді,өзінің бағасын білмейді,неге жігіт сондай қызды жоғары бағалауы керек? Меніңше,ол осы кездесуден кейін шақырмайды,қара да тұр”,-дедім.Сауле қыз қып-қызыл болып кетті,мен де сол сәтте қатты кеткенімді түсініп,өзіме іштей ұрса бастадым.Ұялған тек тұрмас деп:
- Үйретейін бе,саған қандай болу керектігін дедім.
-Иә,апай,иә…
-Қарашы сен қандай әдемі қызсың,көзің мөлдіреп тұр. Фигураң да әдемі.Киімді де талғаммен киеді екенсің.Менің де сендей қызым бар.Оқисың ба,жұмыс істейсің бе?
-Педколледжден кейін,балабақшада тәрбиешімін. Сырттай оқимын.
-Міне,көрдің бе,сен қандай жақсы қызсың. Оқуыңның ақысын төлеп,ата-анаңа көмектесіп жатырсың. Орыста мақал бар: өзіңді жақсы көрмесең,сені ешкім де жақсы көрмейді деген.Ең біріншіден,Сауле,өзіңе сенімді бол,басыңды төмен түсірме,тек жақсылық туралы ойла,сонда барлық армандарың орындалады.Сүйгеніңнің сүйіктісі боласың.
Айттым да,косметологқа кіретін уақытым келіп қалып, басқа бөлмеге шығып кеттім.Ішімнен,осы менің не шаруам бар еді,ылғи сөзге араласамын да жүремін деп
өзіме ұрсып та қоямын.Процедура бітіп,залға шықсам,мастер қыздар айтты: рахмет,апай. Сауле кездесуге мүлдем басқа күйде кетті. Сіз болмасаңыз,ол текке барар еді деді.

Кеше жәй маникюр жасатайын деп сұлулық салонына кіре салған едім,қыздар ақырғы жаңалықтарды айтып жатыр. Саулені жігіті ата-анасымен таныстырыпты.
Ееее,дедім…….

Қазан 15, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 4 пікір

   

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.