Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

АЙГҮЛІМ


Бізді ата-аналарымыз ешқашан тұрмыс құруға итермелеген емес,қайта бетімізге тура айтпаса да,әңгімелерінде:Пәленшенің қызы 18 жасында тұрмысқа шығып кетіпті,қайда асығады екен?Ерте шығып,айырылысып кетіпті деп,өздерінің фольклорлық тәрбиелерімен,ерте үйленуге қарсылықтарын білдіріп отыратын. Үлкен апайларым,біреуі 28де,екіншісі мен үшіншісі 23те,мен 24-те тұрмыс құрдым. Бірақ кенже сіңлім Айгүл,рекорд жасап,35 жасқа дейін бойдақ жүрді.Алматыда жұмыс істеді,кезекті демалысында ауылға,ата-анама келіп жатады,ешқайда бармайды,ешкіммен араласпайды. Туыстармен ғана. Неге олай екенін де білетін сияқтымын. Бір жігітті жақсы көріп,үйленеміз деп жүргенде,шешесі ұйғыр екен,қарсы болып….
Қазақта бір сөз бар ғой, “сағың сынбасын” деген.Мектепте,институтта оқып жүргенде, бір мақсат,армандарға ұмтыламыз,тек соларға жету жолындағы қиыншылықтарға төзетін де, төзе алмайтын да адам болады. Кішкентайынан ерке,айтқаны бірден орындалатын,қиыншылық көрмеген сіңлімнің ,сол оқиғадан кейін,шынымен сағы сынды деп ойлаймын. Сондықтан марқұм Берікке тұрмысқа шығамын дегенде,қуанбаған адам жоқ шығар.Екеуі керемет жақсы тұрды,бірақ,Алланың жазғаны сол болып,күйеубаламыз анадүниелік болды.
Сезгендей,жаздың бір ыстық түнінде ұйқым шайдай ашылды,20 минуттай түргеліп жүріп,кондиционерді өшіріп,балалардың көрпесін жауып біраз жүрдім де,енді жатқалы жатыр едім,телефон “шыр”етті.Айгүл екен. “Бахытгүл,Жәкежан,тез келіңдерші. Берік қайтыс болды” деп,жылап жіберді.Ұйықтап жатып,жүрегі тоқтап қалыпты.Кегендік жігіт еді,денесін сол жаққа апарып қойды. Жылын бергеннен кейін,бүкіл туысқандары жиылып,шәй беріп,”бағың ашылсын” деп,басына ақ орамал байлап,шығарып салыпты.
Енді міне,Айкө тағы жалғыз.Неке агентствосын қайтейін,өзімнің сүйікті сіңлім жалғыз жүргенде…Сыңары жүр ғой,Қазақстанның бір түкпірінде…Алла болысып,бір бақытын тапса ғой…
P.S.Ол туралы,”Неге 6 июль” деген мақалада жазған едім….

Қараша 1, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 5 пікір

   

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.