Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

ӨКІНІШ

Мәссағанда жазған едім….

Екінші балмыздың ұл болғанын қатты қаладық:Алматыдағы Ана мен бала институтында тексерілдік, қытай, халық, медицина күнтізбегімен санаттық, ақыры УЗИ-де де ұл деді. Қуанышымызда шек жоқ…
Тура сегіз ай өткенде, кенеттен атам дүние салды, жалғыз келін болған соң,сондай сыйлайтын адамым еді , ақырғы сапарға аттандырып салуға, ауырып отырсам да бардым.Бірақ ауыруым асқынып, ауруханаға түсіп қалдым.Содан босанғанға дейін, аурухана *домовойы* деген атақ алып, бір ай бойы жаттым. Қасымда жас, менімен аттас бір қыз жатты: мінезі тұйық, бірақ ақылды, таза,ақкөңіл. Өзіне ешкім де келмейді,ал маған Өскеменнің жарты тұрғындары келеді: достар, туыстар дегендей…
Сөйтіп жүргенде, екеумізді тағы УЗИ-ға жіберді, ол бірінші кірген:ұл деп шықты. Мен кірсем:апай, сізде қыз деп, монитордан көрсетті.Шығып алып,ал жыла. Ана қызым да мені жұбатады…қайдан?!
Бір уақытта:*Апай, сіз менің ұлымды алыңызшы,менің ұлымның сіздей анасы болса, мен бақытты болар едім* дегені.
Мен аузымды ашып қалыппын, сөйлесе келе түсінгенім, ол баланы тастап кетуге арыз да жазып қойыпты.Айтқан әңгімесін естігеннен кейін,оны бір де минут кінәләмәдім.
Шешесі жоқ жетім қыз, артынан ерген 4 кіші бауырлары бар,әкесі арақ ішеді екен.Өгей шешесінің 3 баласы бар, мінезі шатақ кісі екен. Сегізінші сыныптан кейін педколледжге оқуға түседі, оқу бітіруге бір жылы бар екен. Бір жігітпен кездесіп, ақыры сөз байласыпты: жігіт, ауылыңа бар, мен әке-шешемді жіберемін кұдалыққа деп.Қыз ауылына келіп, дайындалса құда жоқ, өгей шешесі айтпағанды айтып ұрысады.Ол шешесінің сіңлісін ертіп, жігіттің үйіне берса, уәделескен жігіті жолда ағасы екеуі авариядан қайтыс болып кеткен екен, тіпті жерлеп те қойыпты. Аяғы ауыр екеннін,жігітінің ата-анасына айтса, үндемепті.Қандай қатыгездік.
*Мен ол баланы қайда апарамын, өгей шешем маңыма жолама деді, жатаханаға кіргізбейді,үй жалдауға ақшам жоқ және бауырларымды көтеруім керек. Ойланып-ойланып, ақыры қалдыруды жөн көрдім. Бірақ алатын адамдар жақсы болса деп құдайдан тілеймін* деп,тәуір-ақ жылады.
Мен жолдасымды шақырып:*Осы баланы алып алайық, бірге өседі. Маған енді бала көтеруге болмайды деп жатыр дәрігерлер* деп едім,ол:*Жоқ, біреудің баласы керек емес *деді.
Сонда өз айтқаныма көндіре алмағаныма өкінемін…
Сол баланы мен еміздім де…Қасынан өтіп бара жатсам,маған қарап жататын.
Кейін Алматы жақтан бір балалары жоқ кісілер келіп,өздеріне жазғызып, шығарып алды, сол ұл баланы.
Міне содан бері он жыл өтті. Бүгін бәрі есіме түскен себебі, кешке сол қызды көрдім.Қасында екі ұл баласы , жолдасы… Мен көріп, танымағандай өтіп кетті.
Жазған уақытым: 2008-09-28

Шілде 2, 2009 Жазған: bahtgul65 | жалғыздық, махаббат, өмір | | 14 Пікір

Фариза апамыздың өлеңдерін жақсы көремін…

Ф.Оңғарсынова

Мүлт жібермейтін жанар жоқ,
қателеспейтін адам жоқ,
алай да түйлей тірлікте
жаңсақ баспауға шамаң жоқ.
Көл-көсір болма күндікке,
ерлердің көркі бірлікте,
жарасымы жарты жалғанда
жүйріктер аз да, шабан көп,
сұңғыла сирек, надан көп.
Сәулең болса санаңда
жаңсақ басқан жaндарға
шалқаңнан түсіп шамданба.
Еліне тұлға – жақсы адам
кешірімді келер басқадан
жағада жалғыз қалғанда.
Адамзат тылсым жолсызда,
шытырман тірлік онсыз да.
Кеңдік жоқ мынау әлемде,
қусырылып барады от жалған.
Көңілінде кеңдік жоқтардан
мейірім күтпе, нұр күтпе,
сыздатпай жанн ел мұңы.
қайырымы мен ерлігі
қара басынан аспаған.
Өркендер елдің баласы –
біріне-бірі жанашыр.
Кешіріп, қолдап бір-бірін,
қызғанбас болар күн нұрын.
Ел деген бұлғын ішіктің
бірі – жең, бірі – жағасы.
Өшетін елдің ұлдары
өз-өздерімен жауласар.
Келіспей жоқтан өзгеге
жағаларына жармасар.
Базарға айналар құндағы,
ыза-кек таудың тасқыны
ақыл-еменді құлатқан.
Ашу-сел жайсаң –жақсыны
жырақтатар елдік мұраттан.
Ез болса ері, ел құнсыз,
алаусыз болса, ер құнсыз.
Алшаңдап жүрген ерлерге
жайратып жауын тастарға
Күш қалмас, бірлік қашқанда,
жайлауын былған жат қарға

Маусым 23, 2009 Жазған: bahtgul65 | жалғыздық, махаббат, сезім | | No Comments Yet