Bahtgul65's Blog

ОЙЛАРЫМ….

Мерейің үстем жолсын,Нұржан!

Ешбір адам алдыңғы өмірінің қалай болатынын болжап,білмейді ғой. Дегенмен…Раушан есімді апайым бар,кішірек кезінен құлағы естімей қалған,бірақ алла бір нәрсені алса,басқасын молынан береді ғой,биотогы күшті,емдейді,бал ашады. Бірақ көп жұртты емес,өзімізді…бұрын ауылда тұрғанда,ауыл адамдарын.Ата-анам жәрімжан болып қалғасын,енді бұл қалай өмір сүреді,қандай мамандықты меңгереді деп қатты қайғырған ғой кезінде. Көп ойланып,әйтеуір еден жумайды,массаж жасап ,ақша тапқан дұрыс,таза да сауабы болар нәрсе деп шешіпті.
Осы жолы Алматыдан келгенде:Бақытгүл,сенің үйіңде жаңа адам көріп тұрмын,Жәкежанға серік бала деді. Мәссаған,Малика тұрмысқа шығамын десе қайтем деп қорқып қалдым. Сұрап едім,»мам,қайдағы,Универді мен үшін кім бітіреді деді»… уффф дедім,менің дүниеге ұл әкелуім,фантастикамен ұшасатынын білемін ғой)))
Ертеңінде кафеде тұрсам, бір балалар келіп ас ішті.Кетіп бара жатып біреуі:»Апай,менің қарындасым жұмыс іздеп жүр еді,жұмыс жоқ па?» деді.Мен аты-жөнін жазып алдым,қажет болса телефон соғамын деп. Сөйтіп тұрып,әңгімелесіп кеттік. Нұржан Қытай жақтан көшіп келген бала,22 жаста,студент екен.»Апай,өзім де осы сияқты кафе ашайын десем, құжат жағына шорқақпын,орысша білмеймін,ал мына жақта қазақтар да орысша сөйлейді » деді. Алып кел докуметтеріңді,мен болысайын дедім жап-жас қазақ баланың талаптанып тұрғанына іштей қуанып.Ертеңінде қалалық әкімшілікке де алып бардым.Ал бір күні екінші қарындасын ертіп келді,ЖенПиде оқиды екен,каникулға келіпті,туффф…осындай да әдемі қыз болады екен ғой…Тартымды,биязы,ұяң-нағыз қазақ қызының эталоны. Осындай балалары бар ата-ана қандай бақытты деп едім. «Апай,ата-анам да қайтыс болған,осы 2 қарындасымның менен басқа тірегі жоқ» деді.Сөйтсем,осы жаққа көшіп келгеннен кейін алдымен аналары,кейін әкелері қайтыс болыпты.Анамның басын көтердім,енді әкемнің басын көтеріп,жылын беруім керек деді.Іштей аясам да,білдірмедім:»Нұржан,бәрі жақсы болады,мойыма,мына 2 қарындасыңа бас бол » дедім.
Тағы бір күні келді. «Апай,жәй сізбен келіп амандасып,біраз отыра тұрғым келді,сондай шаршап кеттім,сізді көрсем анамды көргендей боламын» деді. Тамақ берейін деп едім,ішпей қойды.Қытайда тұратын ағайындарымыз бар,телефон соғып,қайтыңдар деп жатыр,ата-анамның сүйегі осында жатыр,мен оларды қалай тастап кетемін,екі қарындасым елді,туыстарды сағынып жылайды. Қайтерімді білмеймін деп мұңын айтты.Қыс бойы жұмыс істедім,степендиямды қарындастырыма бөліп беріп.Қазір стройкада істеймін,жаңа мастермен келіспей қалдым,орыс,тілім жетпейді түсіндіруге,мен кінәлі емес едім деді.Өзімше демеу болған болдым. Жап-жас бала ғой…эх,дүние-ай десеңші!
Жәкеңе айтып,таныстырдым.Өзім сияқты Керей екен,Бақытгүл,мына балаға құдай береді,талапты,ақылы көп,көмектесейік,әкесінің жылын өткізуге болыс деді.

Түпкі айылдын батқанын,
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер деп дана халық қалай айтқан. Жат емес қой Нұржан бізге.Әлгі Раушан апайымның айтқаны келді.
Кішкене қиындыққа төзбей,үлкен ер-азаматтар араққа салынып жатады. Мына жап-жас баланың талабы,қиындыққа бас ұрмағаны,1-3 ақ жас үлкен бола тұра,қарындастарына бас-көз болғаны қуантады мені.
Мерейің үстем болсын,Нұржан, дегім келеді…..

Маусым 21, 2010 - Posted by | Санатталмаған

8 пікір »

  1. Аллаһ разы болсын Сізге!

    Пікір жіберуші urimtal | Маусым 22, 2010 | Жауап беру

    • Асхат көп рахмет.

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Маусым 22, 2010 | Жауап беру

  2. […] бар. Мәселен, Өскеменде тұратын bahtgul65 есімді блогшының “Мерейің үстем болсын, Нұржан” атты соңғы жазбасы Қытай жақтан келген 22 жастағы […]

    Қайтарма үнқосу жіберуші Neweurasia – Kazakhstan » #2 Қазақ блогтарындағы Қытай тақырыбы | Маусым 22, 2010 | Жауап беру

  3. […] бар. Мәселен, Өскеменде тұратын bahtgul65 есімді блогшының “Мерейің үстем болсын, Нұржан” атты соңғы жазбасы Қытай жақтан келген 22 жастағы […]

    Қайтарма үнқосу жіберуші Мінбер.kz » Қазақ блогтарындағы Қытай тақырыбы | Маусым 29, 2010 | Жауап беру

  4. Сауап іс жасаған екенсің, Бақытгүл!

    Пікір жіберуші Қосақ | Шілде 5, 2010 | Жауап беру

  5. […] help them. For example, a recent post by blogger Bahtgul65 (who lives in Ustkamenogorsk), entitled “I wish you success, Nurzhan” [KAZ], is about a 22-year-old student who came from China: “… I was working. A group of […]

    Қайтарма үнқосу жіберуші Global Voices in English » Kazakhstan: Bloggers see China’s “weaponless invasion” | Шілде 21, 2010 | Жауап беру

  6. Иә,тәңірдің назарынан кетпеңіз,АПАЙ! Барлық арман-тілектеріңіз орындалып, қыздарыңыздың қызығын көріңіздер Жәкең екеуіңіз!

    Пікір жіберуші vkototy | Қараша 3, 2010 | Жауап беру

    • Амин)Рахмет саған

      Пікір жіберуші bahtgul65 | Қараша 3, 2010 | Жауап беру


Пікір қалдыру